Проект 25 песен » Балтабай орта мектебі
Алматы облысы
Еңбекшіқазақ ауданы білім бөлімінің
"Балтабай орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
31
январь
2018

Проект 25 песен


Елім,сені сағындым!
       Балтабай орта мектебінде ақиық ақын М.Мақатаевтың туылған күніне орай үш күн бойы ауқымды шаралар өткізілді. Алғашқы күні, 7 ақпанда «Елім,сені сағындым!» тақырыбында ақын өлеңдерін мәнерлеп оқудан сайыс ұйымдастырылды. Ақын шығармашылығын сүйіп оқитын оқушылар сайысқа белсене қатысты. Ерекше көзге түскен оқушылар:  10 а - сынып оқушысы Әдібай Гүлия «Аққулар ұйықтағанда» поэмасынан үзінді, 7 а –сынып оқушысы Жапар Еділ «Намыс», 6 в-сынып оқушысы Холопова Александра «Қара өлең» өлеңдерін мәнерлеп әсерлі жеткізе білді. Екінші күні ақынның өмірі мен шығармашылығы жайлы оқушылар арасында «Ақиық ақын-Мұқағали», «Менің сүйікті ақыным –Мұқағали», «Ақын өлеңдерінің мол әсерлілігі» сияқты   тақырыптарда ой-толғау эссе жазу байқауы болды.  Дәл 9 ақпан күні «Поэзия,меніменен егіз бе едің?» атты поэзия кеші өтті.  Іс-шаралар өте тартымды, әсерлі өтуін ұйымдастырған мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімдері: М.Алимходжаева,З.Далдабаева,А.Омаржанова, Г.Нұргазиева,Ж.Қадырова,А.Асжанова,А.Тукушева.       Мұзбалақ ақынның шығармашылығын жас ұрпаққа дәріптеу, Рухани жаңғыруға атсалысу мақсатында өткізілген іс-шаралардың жеңімпаздары анықталып, қатысушылар мақтау қағаздарымен марапатталды.
Жас дарын
     Баланың бойындағы дарынды байқап, жетілдіре білу – әр ұстаздың борышы деп білсек, дәл осындай нәтижелі жас мұғалім Балтабай орта мектебінің музыка пәні мұғалімі Әкімжан Әділжанды айтуға болады. Ақпанның 3 күні Алматы қаласында өткен 4 - Республикалық  «Самға Самұрық» атты балалар байқауына «Вокал», «Аспапта ойнау», «Шығарма» аталымдары бойынша өзі баулыған шәкірттерін қатыстырып, жүлделі орындарға ие болды. Атап айтқанда, «Шығарма» аталымынан  Аджанов Нұрболат «Рухани жаңғыру» тақырыбына шығарма жазып, 3- орынға ие болды. «Вокал» аталымы бойынша  Ерзат Шұғыла   М.Мақатаевтың сөзіне жазылған «Шәлкөде» әнін орындап Бас жүлдені,   Омаржан Сабина   М.Мақатаевтың  сөзіне жазылған «Туған өлке» әнін орындап 2-орынды, Қуанышбай Клара «Қазақстаным алға» әнін орындап, 2 – орынды, «Аспапта ойнау» аталымынан «Бас жүлдені» Ғаділұлы Сұңқар «Әлқисса» күйін орындап, 1-орынды Әділғазыұлы Айдын «Ерке сылқым» күйін орындап, иеленіп , зор құрметке бөленді. Жас дарын иелеріне қанаттарың талмасын, жетекшілері Әкімжан Әділжанға еңбегің жансын деп тілейміз!

Похожие публикации:

31 январь 2018 Новый год 2018
31 январь 2018 Мектепке жол