Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күні » Балтабай орта мектебі
Алматы облысы
Еңбекшіқазақ ауданы білім бөлімінің
"Балтабай орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күні
01
декабрь
2020

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күні


       Қазақстан Республикасының  Тұңғыш Президенті Күніне орай Қазақстан Тәуелсіздігінің құндылықтарын насихаттау бойынша іс-шаралар жоспарына сәйкес ағымдағы жылдың 18.11-4.12 желтоқсан аралығында «Тәуелсіздіктің 7 қыры» циклының “Парасатты шешім” , “Мудрое решение” , “Сын сағат”, “Час испытаний” деректі фильмдерін көрсету сынып сағаттарын whatsApp, Zoom  платформалары арқылы 5-11 сынып білім алушыларына қашықтықтан, 1-4 кезекші сыныптарда  мемлекеттік және орыс тілдерінде сынып сағаттары өткізілді.
      Басты мақсат – өскелең ұрпаққа Тұңғыш Президенттің басшылығымен жүргізілген тәуелсіз Қазақстанның негізгі реформаларының маңыздылығын жеткізу. «Тәуелсіздіктің жеті қыры» жобасының негізіне Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында тап болған жеті негізгі сын-тегеуріндер алынған. Елбасы 2019 жылғы 21 маусымда өткен «Көшбасшылыққа 30 жыл» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясында сөйлеген сөзінде оларды атап өтті.
Жас Қазақстанның басты жеті сын-қатері Тұңғыш Президент реформаларының арқасында тәуелсіздіктің басты жеті жетістігіне айналды және қазақстандық даму жолының бірегейлігін айқындады. Фильмдердің мазмұны беделді спикерлердің – белгілі мемлекет, қоғам қайраткерлерінің, тарихшылардың, саясаттанушылардың, экономистердің естеліктері мен пікірлеріне негізделген.
Мектеп білім алушыларының кері байланысынан елін, жерін сүйетін нағыз патриот, Қазақ еліне болашақта қорған бола алатын ер азаматтар мен азаматшалар өсіп келетіні мақтан етерліктей.