06
ноябрь
2025
«Қозғалысқа берілген есептер» тақырыбында ықшам сабақ
Алматы облысы білім басқармасының Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімі” мемлекеттік мекемесінің “Балтабай орта мектебі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 06.11.2025 жылы педагог-зерттеуші бастауыш сынып мұғалімдері Стамжанова Гульнафис Шажабаевна және Құрмаш Гүлзира математика пәнінен «Қозғалысқа берілген есептер» тақырыбында ықшам сабақ өткізді.
Ықшам сабақ өткізудің негізгі мақсаты жас мамандар мен мұғалімдер арасында тәжірибе тарату, өз сабақтарында қолданатын әдіс-тәсілдермен бөлісу және ұсыныстарды ескере отырып, өз білімін жетілдіру.
Сабақтың мақсаты: қозғалысқа берілген есептерді (қашықтық, уақыт, жылдамдық) шығару үшін формуланы қолдану.
Сабақ көңіл күйлерін көтеру үшін психологиялық ахуал қалыптастырудан басталды. Үй тапсырмасын сұрау үшін «Көкпар» әдісі қолданылды. Бұл әдісте Genially программасын қолданып өрнектерді жылдам есептеп, пазлдарды ашқанда астынан жылдамдық, уақыт және арақашықтыққа қатысты суреттер шығады. Сол шыққан суреттер арқылы жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын ашып алынды. Сабақ барысында жаңа сабақты түсіну үшін "Еducaplay" платформасы арқылы жұптық жұмыс тапсырмасы орындалды. Осы сабақтағы жаңа оқыған жылдамдық, уақыт және арақашықтық формуласын қолдану мақсатында жеке деңгейлік тапсырмалар, сонымен қатар ерекше білім беруді қажет ететін бала үшін деңгейіне қарай тапсырма берілді. Сабақтан жалықтырмас үшін көңіл күйді көтеретін «Келіншек» күйімен логоритмика жаттығуы орындалып, топтық жұмыс ұйымдастырылды.Топтық тапсырма 3D картасы арқылы " Zapworks" платформасымен берілді. Талдау және жинақтау үшін "Рlickers" платформасы арқылы тест тапсырмасы берілді. және сонымен қатар сабақтың әрбір кезеңдерінде кері байланыс үшін «Ағын диаграммасының картасы» толтырылып отырды. Әр тапсырма орындаған сайын дескриптерге сәйкес қанша балл жинаса, сонша асық беріліп, бағаланып отырды. Сабақ соңында қорытынды баға асықтарды санау арқылы жүзеге асты. Рефлексия «Mentimeter» платформасы арқылы жүзеге асырылды. Сабақ қызықты, методикалық талапқа сай өтілді. Сабақ мақсатына жетті.
Пән мұғалімдері: Құрмаш Гүлзира, Стамжанова Гульнафис Шажабаевна