08
октябрь
2025
“Адам досымен мықты” тақырыбында ашық сабақ
Дүниетану пәнінен “Адам досымен мықты” тақырыбында ашық сабақ
3 «А» сыныбында мұғалім Г. Ошанова дүниетану пәнінен “Адам досымен мықты” тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Сабақ барысында оқушылар өткен тақырыпты “Допты қағып ал” әдісі арқылы қайталап, белсенді түрде өз білімдерін көрсетті.
Жасанды интеллект (ЖИ) көмегімен достық туралы бейнеролик көрсетіліп, жаңа тақырыптың мазмұны ашылды. Оқушылар топтық жұмыс барысында берілген тапсырмаларды ынтымақтаса орындап, өз ойларын еркін жеткізді.
“Жапондық сергіту сәті” балалардың көңілін көтеріп, сабаққа деген қызығушылығын арттырды.
Жұптық жұмыс кезеңінде оқушылар “Достық кодексін жаз” тапсырмасын орындаса, жеке жұмыс барысында “Досыңды сипатта” тақырыбында өз пікірлерін білдірді.
Бағалау кезеңінде ұлттық құндылықтар негізінде “Киіз үй” әдісі қолданылып, оқушылардың жетістіктері әділ бағаланды.
Сабақ соңында “Қоржын” рефлексиясы арқылы оқушылар өз әсерлерін бөлісті.
Нәтижесінде ашық сабақ жоғары деңгейде, мазмұнды және қызықты өтті.