07
октябрь
2025
"Өрнектердің мәнін тиімді тәсілмен есептеу" тақырыбында ашық сабақ
"Балтабай орта мектебі" КММ 2 "Б" сыныбында 07.10.2025ж математика пәнінен "Өрнектердің мәнін тиімді тәсілмен есептеу" тақырыбында ашық сабақ өткізілді. Сабақ барысы үй тапсырмасы, жаңа сабақ, қорытынды, бағалау, кері байланыс болды. Сабақта жеке жұмыс, жұптық жұмыс, және топтық жұмыстар жасалынды. Атап айтар болсақ ең бірінші ынтымақтастық атмосферасы тақпақ айту арқылы өткізілді. Үй тапсырмасы үлестірме карточкалар арқылы пысықталды. Жаңа сабақ түсінікті болу үшін жеке жұмыс жасалды. Жаңа сабақты пысықтау үшін жұптық жұмыс үлестірме карточка арқылы берілді. ЕБҚ тапсырмасы Мухамеджанов Диас деген оқушыға берілді. Топтық жұмыста әр топқа бір мәтінді есептен берілді. Балалар тез ақ орындады. Сабақ барысында әр баланың сайгүлігі арқылы бағалау критерийлері бойынша бір қадам жылжып бағаланып отырды. Сабақ әр кезеңінде дұрыс жауап берген балаға мадақтау сөздері айтылып кері байланыс жасалды. Сабақ соңында түгел оқушы бағаланып, кері байланыс көңіл күй аралы арқылы өткізілді. Сабақ мақсатынына жетті.
Мұғалім: Құрмаш Гүлзира
Мұғалім: Құрмаш Гүлзира