“Адам досымен мықты” тақырыбында ашық сабақ
Дүниетану пәнінен “Адам досымен мықты” тақырыбында ашық сабақ 3 «А» сыныбында мұғалім Г. Ошанова дүниетану пәнінен “Адам досымен мықты” тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында оқушылар өткен тақырыпты “Допты қағып ал” әдісі арқылы қайталап, белсенді түрде өз білімдерін көрсетті. Жасанды интеллект (ЖИ) көмегімен достық туралы бейнеролик көрсетіліп, жаңа тақырыптың мазмұны ашылды. Оқушылар топтық жұмыс барысында берілген тапсырмаларды ынтымақтаса орындап, өз ойларын еркін жеткізді.