"Менің сүйікті кітабым" жобасы
Балтабай орта мектебінің кітапханасында «Балалар кітапханасы» жобасы аясында танымдық және тәрбиелік мәні зор іс-шара өткізілді. Шараның мақсаты – оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, оқу мәдениетін қалыптастыру және рухани құндылықтарды насихаттау. Іс-шара барысында оқушылар өздерінің сүйікті кітаптары туралы әңгімелеп, өлең-жырлар оқыды, кітап кейіпкерлеріне арналған көріністер көрсетті. Кітапханашы оқушыларды жаңа әдебиеттермен таныстырып, «Кітап – білім бұлағы» атты кітап