"Менің сүйікті кітабым" жобасы » Балтабай орта мектебі
Алматы облысы
Еңбекшіқазақ ауданы білім бөлімінің
"Балтабай орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Менің сүйікті кітабым" жобасы
29
октябрь
2025

"Менің сүйікті кітабым" жобасы

Балтабай орта мектебінің кітапханасында «Балалар кітапханасы» жобасы аясында танымдық және тәрбиелік мәні зор іс-шара өткізілді.
Шараның мақсаты – оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, оқу мәдениетін қалыптастыру және рухани құндылықтарды насихаттау.
Іс-шара барысында оқушылар өздерінің сүйікті кітаптары туралы әңгімелеп, өлең-жырлар оқыды, кітап кейіпкерлеріне арналған көріністер көрсетті. Кітапханашы оқушыларды жаңа әдебиеттермен таныстырып, «Кітап – білім бұлағы» атты кітап көрмесін ұйымдастырды.
Шара соңында белсенді оқушылар мен үздік көрініс көрсеткен сыныптарға алғыс хаттар табысталды.
Мектеп кітапханасында өткізілген бұл іс-шара оқушылардың кітапқа деген сүйіспеншілігін арттырып, олардың ой-өрісін кеңейтуге үлкен ықпал етті.