Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған «Тіл - ұлы байлық» атты іс шара » Балтабай орта мектебі
Алматы облысы
Еңбекшіқазақ ауданы білім бөлімінің
"Балтабай орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған «Тіл - ұлы байлық» атты іс шара
09
сентябрь
2022

Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған «Тіл - ұлы байлық» атты іс шара

Балтабай орта мектебінде тілдер мерекесіне және Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған «Тіл - ұлы байлық» атты іс шара жоспары бекітілді. 
Мақсаты: Оқушылардың өз ана тіліне деген құрмет сезімін арттыру, тіл мәртебесін көтеру өз ұлтына , еліне деген сүйіспеншілігін ояту. 
Тіл білімінің атасы -Ахмет Байтұрсынұлының өмірі және шығармаларын дәріптеу.
09.09.2022 жылы аталған іс- шараның ашылуы салтанаты өтіп , мектеп директоры Б. О. Калиева мектеп білім алушылары мен ұстаздар қауымын мерекемен құттықтады.
Іс -шара үштілділікте өткізіліп , 4,5,7 сынып білім алушылары  үш тілде  өлең жолдарын оқып, үш тілде ән шырқалды. Мектебіміздің қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі- Сүлеймен Әмина Серікқызы «Менің қазағым» әнін шырқап , тарту ретінде қазақ биін биледі. Ашылу салтанатына  қазақ тілі, орыс тілі , ағылшын тілі пән мұғалімдері :Алимбекова . А. Ж , Нұрғазиева Г. Е, Құсайын . Б , Машурова . М. П, Мұңайтбасова. А. Б, Калиева. А. Қ жауапты болды.
Іс-шараның екінші кезеңі Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту   мақсатында «Тіл білімінің атасы» тақырыбында 9-11 сыныптар арасында эссе байқауы өтті. Байқауға балалар белсене қатысып : 11 сынып оқушысы Мұратбек Елдана бірінші орын , 9 б сынып оқушысы Серік Әкежан екінші орын , 10 а сынып оқушысы Әуезхан Балнұр үшінші орынды иеленді.
Жауапты мұғалімдер: Далдабаева З., Алимходжаева М. К .
Сонымен қатар « Ұлтын ұлықтаған ұлы тұлға» атты Ахмет Байтұрсынұлының өлеңдерін мәнерлеп оқудан әдеби караоке байқауы өткізілді. 
Байқаудың әділ қазылары : Далдабаева З. Т , Алимходжаева М. К , Омарханова А.У. шешімімен : 
1 - орын Серік Зере 
2 - орын  Сабит Айнара
3-  орын  Омар Мейіржан 
басқа қатысушыларымызда алғыс хатпен марапатталды.