«Балтабай орта мектебі-мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2022-2023 оқу жылының басталуына арналған 1 қыркүйек – Білім күнін және «Терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық қасиет» » Балтабай орта мектебі
Алматы облысы
Еңбекшіқазақ ауданы білім бөлімінің
"Балтабай орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Балтабай орта мектебі-мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2022-2023 оқу жылының басталуына арналған 1 қыркүйек – Білім күнін және «Терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық қасиет»
01
сентябрь
2022

«Балтабай орта мектебі-мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2022-2023 оқу жылының басталуына арналған 1 қыркүйек – Білім күнін және «Терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық қасиет»

«Балтабай орта мектебі-мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
2022-2023 оқу жылының басталуына арналған 1 қыркүйек – Білім  күнін және «Терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық қасиет» тақырыбында бірыңғай сынып сағатының өткізілуі
 01.09.2022 ж Балтабай орта мектебінде білім күніне арналған салтанатты жиын өткізілді.
Аталмыш салтанатты жиынға ауылдың құрметті тұрғындары және мемлекеттік қызметкерлері Габбасов Е.Б , Хан Р.В қонақ болып, мектеп білім алушыларына құттықтау сөз сөйлеп, сәттілік тіледі. 
Салтанатты жиын және алғашқы сынып сағаты бұл мектепте жаңа оқу жылының ашылуына арналған әрі білім берудің адам өміріндегі маңызы мен рөлін айқындайтын іс-шаралар болып табылады.
Мемлекеттік гимнді орындау Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін пайдалану тәртіпке сәйкес жүргізілді . 
Салтанатты іс-шараның мақсаты: жаңа оқу жылының басталуы қарсаңында білім алушылардың бойында жағымды көңіл-күй, оң көзқарас қалыптастыру.
Міндеттері:
-    қатысушыларды өткен оқу жылының жетістіктерінен хабардар ету;   -    білім алушылардың бойында оқуға құштарлық пен білім алуға деген ұмтылысын қалыптастыру;    білім алушылардың бойына отаншылдық, құрмет және азаматтық сана құндылықтарын дарыту; -өзара құрмет пен түсіністікке негізделген мектеп мәдениетін қалыптастыру.  

Салтанатты жиын аяқталған соң  «Терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық қасиет» тақырыбында бірыңғай сынып сағаттары өткізілді.  
«Жастар рухы» партиясы жастар қанатының кезектен тыс VI съезінде Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаев Жаңа Қазақстан жастары үшін маңызды үш басымдық – Терең білім, Еңбекқорлық және Отаншылдық қасиетті атап өтті.
Сынып сағаттарының мазмұны білім алушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып өткізілді. 
Бірыңғай сынып сағатының мақсаты: білім алушылармен бірге білімге ұмтылу, отаншылдық, еңбексүйгіштік құндылықтарының адам өміріндегі рөлін талқылау. 
Міндеттері: 
-      білім алушыларға құндылықтар жөнінде жалпы ақпарат беру; 
-    білім алушылармен бірге құндылықтардың адам өміріндегі рөлін талқылау; -    отаншылдық, құрмет және азаматтық сана құндылықтарын дарыту; -    сыныптың жағымды микроклиматын және жаңа оқу жылына жағымды көңіл-күй қалыптастыру. Сынып сағатының соңында балалардың жазғы демалыстан алған әсерлерін, сондай-ақ жаңа оқу жылынан күтулері туралы талқыланып, кері байланыс жасалды.
 «Терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық қасиет» республикалық онлайн-акциясы өткізілді.
Бейнероликке ұсынылатын тақырыптар:
-    барлығы үшін «Менің мектебім-ең керемет мектеп!», «Сәлем, жаңа оқу жылы!», «Маған мектеп формасы ұнайды!», «Отанға деген сүйіспеншілік және Патриотизм»;-    бірінші сынып білім алушыларына арналған «Менің мектептегі алғашқы күнім»;-    2-4 сынып білім алушыларына арналған «Менің жарқын жазғы оқиғаларым», «Білім саған жол ашады»;-    5-8 сынып білім алушылары үшін – «Менің саяхатым»;-    9-11 сынып білім алушылары үшін – «Менің үлкен сыныптастарым», «Менің ойларым, армандарым, үміттерім», «Білімнің адам өміріндегі рөлі»;-    ата-аналар, 1-сынып білім алушылары үшін – «Біздің мектептегі бірінші күніміз», «Бірінші сынып – өмірдің жаңа кезеңі»;-    сынып жетекшілері үшін – «Жаңа оқу жылы құтты болсын, менің сүйікті сыныбым!», «Еңбекқорлық – бақыт негізі».
Білім күніне арналған салтанатты іс-шаралардың және бірыңғай сынып сағаттарының материалдары мектеп сайттарына орналастырылды.