1 қыркүйек Білім күні мерекесі » Балтабай орта мектебі
Алматы облысы
Еңбекшіқазақ ауданы білім бөлімінің
"Балтабай орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 1 қыркүйек Білім күні мерекесі
01
сентябрь
2021

1 қыркүйек Білім күні мерекесі

    «Алматы облысы білім басқармасының Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Балтабай орта мектебі-мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

     Мақсаты: 1 қыркүйек Білім күні мерекесінің маңызын түсіндіру, сезіндіру. Сахна мәдениетіне баулу. Көңілді орта қалыптастыру.
1 қыркүйек күні 2021 жылғы 25 тамыздағы 36 қаулысына сүйеніп,санитарлық талаптарды сақтай отырып, "Кел балалар оқылық!" атты салтанатты жиыны өткізілді. 
1 сыныптар үшін "Кел балалар оқылық!" салтанатты жиыны ашық ауада өткізілді. Іс – шара барысында мектеп табалдырығын алғаш аттаған білім алушыларға биылғы оқу жылында еліміздің мектептері Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын, ағартушы – ұстазымыз Ы.Алтынсариннің 180 жылдығын атап өтетіндігін , көрнекті педагогтың мұралар мен өсиеттері бүгінгі күнге дейін құндылығын жоғалтпандығы туралы айтылды.
Биылғы оқу жылының ерекшеліктерінің бірі – А.Байтұрсыновтың әдістемесі негізінде әзірленген «Әліппе» мен «Букварь» пәндерінің қайтарылуы. Іс-шара барысында 1 сынып білім алушыларына Әліппе және Букварь оқулықтарын салтанатты түрде сынып жетекшілері табыстады.
Мерекеге арналған 1 сынып  білім алушылары әсерлі өлең жолдарын оқып, көңілді би биледі.
Сонымен қатар 2-11 сынып білім алушыларына «Тәуелсіздік жетістіктері» тақырыбында жеке сыныптарда республикалық сынып сағаттары өткізілді.