"Бір ел, біртағдыр" тақырыбындағы сынып сағаты » Балтабай орта мектебі
Алматы облысы
Еңбекшіқазақ ауданы білім бөлімінің
"Балтабай орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Бір ел, біртағдыр" тақырыбындағы сынып сағаты
14
декабрь
2020

"Бір ел, біртағдыр" тақырыбындағы сынып сағаты

Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің "Еңбекшіқазақ ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Балтабай орта мектебі-мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
2019 жылдың маусым айында өткен «Кемеңгерліктің 30 жылы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда Тұңғыш Президент - Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев атап көрсеткен 7 сын-қатерге негізделген бастамасының әрқайсысы белгілі бір тақырыпқа арналған. Олар: экономика, интеграциялық үдерістер, ұлтаралық келісімдер, антиядролық бастамалар, жаңа елорда, транзиттік әлеует, қандастарымыздың Отанға оралуы. 
    Елбасымыздың: " Тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай сақтап, мемлекетімізді нығайта беру үшін  бізге ең әуелі бірлік қажет",  - дегенін ескере отырып, ашық тәрбие сағатымыздың тақырыбын 7 сын-қатердің өзектісі ұлтаралық келісім болғандықтан, "Бір ел,  бір тағдыр" тақырыбына ерекше тоқталуды жөн көрдік. Осы деректі фильмді қашықтықтан ашық тәрбие  сағатын өткізу барысында   ZOOM платформасы арқылы көрсетіп, оқушылардың бойына көп ұлттың тегі басқа болғанымен теңдігі бір, жүзі басқа болғанымен жүрегі бір, қаны бөлек болғанымен жаны бір, тілі басқа болғанымен тілегі бір,  арманы мен мақсат-мүддесі ортақ біртұтас халық екенімізді және туған елдің туының астында бірігіп, туған жердің тұғырын биік ұстауға бел буған азаматтарды бір ғана тағдыр күтетінін түсіндірілді. Соның нәтижесінде оқушылардың кері
 байланысынан бірлігі мықты, достығы берік, пейілі кең келешек ұрпақ тәрбиеленіп жатқанынына көз қуанып, көңіл көтерілді.