"Тәуелсіздіктің 7 қыры" » Балтабай орта мектебі
Алматы облысы
Еңбекшіқазақ ауданы білім бөлімінің
"Балтабай орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Тәуелсіздіктің 7 қыры"
11
декабрь
2020

"Тәуелсіздіктің 7 қыры"


        Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің "Еңбекшіқазақ ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Балтабай орта мектебі-мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің құндылықтарын насихаттау бойынша іс-шаралар жоспарына сәйкес “Тәуелсіздік-жыр әнім” атты патриоттық әндердің челленджі өз жалғасын табуда.Білім алушылар жанды дауыста патриоттық әндерді орындап, бір-біріне жолдауда. Сонымен қатар 1-11 сынып білім алушылары арасында “Тәуелсіздіктің 7 қыры” циклының “Елдіктің бастауы” , “Ұйымдасқан ұтады”, “Жаңғыру жолы” тақырыптары бойынша деректі фильмдер көрсетіліп, сынып сағаттары өткізілді. Атап айтқанда 1-4 кезекші топтарда 16 сынып сағаты, 5-11 сыныптарға қашықтықтан 24 сынып сағаты өткізілді. Аталмыш іс-шаралардың өту барысы Instagram,Facebook парақшаларына жарияланып отырды.
Көк байрағы желбіреген, бүгінгідей абыройлы да айбынды, беделді де берекелі, ынтымағы мен бірлігі жарасқан еліміздің  тәуелсіздігі баянды болсын,-деген ниетпен мектеп білім алушылары Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында өздерінің жүрек жарды өлең жырларын жатқа айтып, құттықтау бейнероликтерін түсіріп қашықтықтан құттықтады. 
Іс-шаралар жоғары деңгейде өткізілді. Барлық білім алушылар өз Елдерінің нағыз патриоттары екендігін айқын көрсетті.