Бастауыш-білімнің бастауы
Тақырыбы: «Бастауыш – білімнің бастауы» бастауыш сыныптар онкүндігі
Мақсаты:Бастауыш сынып оқушыларының білімге деген қызығушылығын арттыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту, оқушыларды ұйымшылдыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу және мұғалімдер мен оқушылардың өзара тәжірибе алмасуына мүмкіндік жасау.
Мазмұны:Мектепте «Бастауыш – білімнің бастауы» атты бастауыш сыныптар онкүндігі ұйымдастырылды.
Онкүндік аясында оқу мен тәрбиенің өзара байланысын нығайтатын түрлі іс-шаралар өткізілді. Атап айтқанда: пәндік сайыстар, ашық сабақтар, көріністер, сурет және қолөнер көрмелері, әдеби кештер мен танымдық ойындар ұйымдастырылды.
Оқушылар өз білімдері мен өнерлерін көрсетіп, белсенділік танытты.
Нәтижесі:Онкүндік барысында бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық және танымдық қабілеттері дамыды, ұстаздар мен ата-аналар арасында өзара ынтымақтастық күшейді. Белсенді қатысқан оқушылар мен сыныптар алғыс хаттармен марапатталды.
Ұйымдастырушылар:Бастауыш сынып бірлестігінің мұғалімдері