“Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу” » Балтабай орта мектебі
Алматы облысы
Еңбекшіқазақ ауданы білім бөлімінің
"Балтабай орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » “Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу”
23
январь
2023

“Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу”

«Алматы облысы білім басқармасының Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Балтабай орта мектебі-мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 22.02.2023 оқу жылында 5-11 сынып ұлдарына “Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу” тақырыбында жиналыс өткізілді. 
Мақсаты: білім алушылардың құқықтық сауаттылығын арттырып, құқық бұзушылық және қылмыс белгілерімен, түрлерімен таныстыру, жасөспірімдердің құқықтары мен міндеттерімен таныстыру. Қоғамның заңдары мен нормаларын орындауға, құқықтарын біліп оны құрметтеуге тәрбиелеу.
Жиналысты мектеп директоры Б.Калиева ашты. Өз сөзінде мектеп білім алушылары үшін құқықтық тәрбиенің маңыздылығы туралы айтып өтті. 
Сөз кезегін Еңбекшіқазақ АПБ ЖПКБ ЮПТ полиция капитаны А.Темиржанова алып төмендегі мәселелерге тоқталды: 
1) Мектепте өзін ұстау этикасы; 
2) Шылым шегу 441 бап 1 бөлім бойынша төленетін айыппұл көлемі; 
Еңбекшіқазақ АПБ ЖПКБ ЮПТ полиция лейтенанты Р.Пулик  бопсалау, мектептен себепсіз қалу, сабаққа кешігу туралы айтып өтті. 
Жиналыс соңында білім алушылармен кері байланыс жасалды.