«Ділмәр» дебаттық клубы. » Балтабай орта мектебі
Алматы облысы
Еңбекшіқазақ ауданы білім бөлімінің
"Балтабай орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Ділмәр» дебаттық клубы.
29
январь
2022

«Ділмәр» дебаттық клубы.

«Алматы облысы білім басқармасының Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Балтабай орта мектебі-мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Ділмәр» дебаттық клубы. 
    Қаңтар айының жұмыс жоспарына сәйкес «Құқығын білмеген құл болады» атты тақырыбындағы, WhatsApp  желісі арқылы АП форматында пікірсайыс  өткізілді . Қатысушылары: Парламент тобы Әділғазы Айдын, Қайратұлы Шыңғыс. Оппозиция тобы Мұратбек Елдана, Манай Ерасыл болып екі тарапқа бөлінді.
     Жылдық жоспарға сәйкес, пікірсайыс ұйымдастырудағы  басты мақсатымыз, мектеп білім алушыларын дебат қозғалысына белсене араластырып, дамыту — өзекті мәселе. Себебі, оқушылардың бойында саяси мәдениетті, өз әрекеті үшін  және қоғам алдындағы жауапкершілікті жеке тұлға ретінде сезінетін, шығармашыл және сыни ойлау қабілетін жүзеге асыратын, соның нәтижесінде   өзін-өзі реттеу процесі  қалыптасатын тұлға болу маңызды.          
   Сонымен қатар білім алушылардың ойын толық жеткізіп сөйлеу дағдылары мен әдеби сөйлеу  тілдерін жетілдіруге ықпал жасау және өз бетінше ізденуге, дәлелдерін өмірмен салыстыра дәйектеп жеткізуге машықталады. Жалпы қатысушылар пікірсайысқа   құштарлана беріліп, екі жақты пікір керемет көрініс тауып, оппозиция тарапы  жеңіске жетті.