"Аттестация ережелері" және "Ұстаз платформасы" » Балтабай орта мектебі
Алматы облысы
Еңбекшіқазақ ауданы білім бөлімінің
"Балтабай орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » "Аттестация ережелері" және "Ұстаз платформасы"
27
ноябрь
2024

"Аттестация ережелері" және "Ұстаз платформасы"

Балтабай орта мектебінде 27.11.2024 жылы сағат 16:00-де мәжіліс залында өндірістік кеңес өтті. Түгел ұстаздар қауымы қатысты. Мәжіліс “Аттестация ережелері” және “Ұстаз платформасы“ тақырыбында өтті. Мәжілісті мектеп директоры Жартыбаева Гүлбақыт Камышқызы ашып, бұл платформаның маңыздылығын айтты.Директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Алимходжаева Марфуға Каламаевна ұстаздарға осы платформаның ерекшелігін түсіндіріп, педагогтардың 100% белсендірілу керектігін ескертті. Директордың ғылыми-әдістемелік-инновациялық орынбасары Борматов Виктор Николаевич ұстаздарға нақты презентация жасап, жұмыс барысын көрсетті, аттестациядан өтетін ұстаздар тізімімен таныстырып, аталған электронды портфолионың маңыздылығын түсіндірді.“Ұстаз платформасы” аясында мұғалімдермен жұмыс жасау үшін информатика пәні мұғалімдері Тілеубергенова Мейрамгүл Балтабаевна, Жабикенова Жаңыл Қайсарбековна және жүйелік әкімші Халаш Жайнагүл бекітілді."Ұстаз"платформасын ұжым қолдап,ұстаздар үлкен қызығушылық танытты Мәжіліс жақсы деңгейде өтті.

Похожие публикации:

02 октябрь 2021 «Ұлағатты ұстаз»