“Ұстаз-ұлылардың ұлысы” » Балтабай орта мектебі
Алматы облысы
Еңбекшіқазақ ауданы білім бөлімінің
"Балтабай орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » “Ұстаз-ұлылардың ұлысы”
28
октябрь
2022

“Ұстаз-ұлылардың ұлысы”

«Алматы облысы білім басқармасының Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Балтабай орта мектебі-мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 30.09.2022 ж ұстаздар күніне орай “Ұстаз-ұлылардың ұлысы” атты мерекелік іс-шара өткізілді. 
Мақсаты: оқушыларды ұстазды құрметтеуге, сыйлауға үйрету. Ұстаз мамандығының қыры мен сырларын түсіндіру. Ұстаз еңбегін бағалай білуге үйрету. 
Шәкірттер санасына сәуле шашып, шырақ отын маздатқан ұстаздар қауымына ақ лебіз, жылы тілегін мектеп директоры Б.Калиеваның айтуымен басталды. Сөз соңында белгілі жетістікке жеткен ұстаздарды құттықтап, марапаттады. 
Білім алушылар әдемі ән шашуларын, әсем билерін тарту етті. Ақпарат фракциясының министрі А.Бектұрсын қонақ болып келген ардагер ұстаздарға сұрақ қойып, ұстаздық жолға қалай келгендері туралы жауап алды. 
Мектебіміздің ардагер ұстаздары сөз алып, өздерінің ақ тілектерін жеткізіп, іс-шараның жоғары деңгейде өткенін айтып, алғыс білдірді.