“Қыз тәрбиесі-ұлт тәрбиесі” » Балтабай орта мектебі
Алматы облысы
Еңбекшіқазақ ауданы білім бөлімінің
"Балтабай орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » “Қыз тәрбиесі-ұлт тәрбиесі”
20
сентябрь
2022

“Қыз тәрбиесі-ұлт тәрбиесі”

«Алматы облысы білім басқармасының Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Балтабай орта мектебі-мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 20.09.2022 оқу жылында “Қыз тәрбиесі-ұлт тәрбиесі” тақырыбында қыздар жиналысы өткізілді. 
Мақсаты: қыз балаларға адамгершілік, адалдық, іс - қимыл, жүріс - тұрыс дағдысы, қыз намысы, сымбаты туралы жан - жақты мағлұмат беру арқылы қыз балалардың бойына рухани - адамгершілік, әдептілік, сыпайылық, тиянақтылық, имандылық, тазалық қасиеттерді дамыту. Жеке бас гигиенасын сақтауға тәрбиелеу.
Жиналысты “Назерке” қыздар клубының жетекшісі Б.Курмантаева мектеп өмірінде өнегелі істер мен сыпайылық қарым - қатынасқа тәрбиеленген қыздар, болашақта да ертең еңбек еткенде де жақсы жақтарымен көпшілік құрметіне бөленуі сөзсіз екендігі туралы айтып, ой бөлісті. 
Э.Алиева қыздардың жеке басының гигиенасының сақталуының маңыздылығы туралы айтып, кеңес берді. 
А.Сүлейменова сөз алып, қыз баланың физиологиялық, психологиялық даму кезеңдерін басшылыққа ала отырып жүргізілетін тәрбие жұмыстары өз нәтижесін бермей қоймайды.
Бастауыш сыныптағы қыз бала ұқыптылыққа, тазалыққа, үлкенді және достарын сыйлауға, мектепте өзін - өзі ұстауға тәрбиеленсе, 5 - 7 сыныптар аралығындағы қыз балалар тәрбиесі алғашқы кезеңдегі тәрбиені жалғастырады. Қыздардың мінез тұрақтылығын қалыптастыра отырып инабаттылыққа, әдептілікке, ізет пен мәдениеттілікке тәрбиелеу қажеттілігі тууда.
8 - 11 сыныптар арасындағы қыз баланының қоғамның белсенді мүшесі екенін ұғынуға, адал достықты, таза махаббатты түсінуге.Өнерге, мәдениеттілікке, өткен тарихқа, отаншылдыққа өз көзқарастарын тәрбиелей отырып, отбасының алтын арқауы - негізі болуға үйрену қажеттілгі туралы айтты.
Мектеп директоры Б.Калиева өз сөзінде құқық бұзушылықтың алдын алу туралы айтып, баптармен таныстырды. 
Мейірімділік пен қамқорлық қасиеттерін, ізеттіліктерін қалыптастыру өте маңызды. Өйткені қыз бала қоғамның, елдің, ұлттың алдында үлкен жауапкершіліктің тұрғанын олардың санасына жасынан құйып, әдеп пен сыпайылық, тазалық пен адамгершілік нәрімен сусындатып, білікті, білімді, жан - жақты жетілген қыз бала болу керектігі туралы айтып, қорытындылады. 
Жиналыс соңында кері байланыс жасалып, қыздардың тарапынан ұсыныстар тыңдалды.