18
апрель
2025
“Әжемнің ертегілері”
“Алматы облысы білім басқармасының Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімі” мемлекеттік мекемесінің “Балтабай орта мектебі” коммуналдық мемлекеттік мекемесіҚазақ халық ертегілері — ауыз әдебиетінің ертеден келе жатқан көлемді саласының бірі болып табылады. Қазақ халық ертегілері – қазақ халық ауыз әдебиеті ішінде атадан балаға мұра ретінде беріліп, ерте заманнан бастап бүгінгі күнге дейін даму, өсу, толығу үстінде келе жатқан асыл мұра.
“Оқуға құштар мектеп” жобасы аясында “Әжемнің ертегілері” атты 1-3 сынып білім алушылары қазақ халық ертегілері қойылымдарын қойды.
3 “Г” сынып оқушылары қазақтың халық ертегісі “Жеті лақ пен қасқыр” ертегісін ұсынды. 3”Г” сынып оқушылары сахнаға еркін жақсы көңіл күймен дайындықпен шықты.
Балалар ертегі туралы білімдерін одан әрі дамытып ,ертегі мазмұнына зейін қойып тыңдап,рөлдерді бөліп ұйымшылдықпен ойнады. Ойын барысында жаман-жақсы әрекеттерді ажыратып ,үлкенді құрметтеп ,кішіні қамқорлауға үйрету. Ертегі кейіпкерлері арқылы мейірімділікке және шын достыққа тәрбиелеу.