“Ұлттық тағамдар күні” » Балтабай орта мектебі
Алматы облысы
Еңбекшіқазақ ауданы білім бөлімінің
"Балтабай орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » “Ұлттық тағамдар күні”
16
март
2023

“Ұлттық тағамдар күні”

«Балтабай орта мектебі-мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 16.03.2023 ж тәрбие жоспарына сәйкес 7,8,9 сынып білім алушылары арасында  “Ұлттық тағамдар күні”  өткізілді. Аталмыш іс-шара 22-Наурыз мерекесіне орай ұйымдастырылды. 
Наурыз думанын мерекелеуге арналған күнтізбесіне енген Ұлттық тағамдар күнінде төл тағамдарымыз молынан жасалуы тиіс. Сонымен қатар ұмыт болып бара жатқан кейбір тамақ түрлері дәл осы күні жаңғыруы қажет. Осыған орай қазақ халқының ұлттық тағамдарын арнайы жасап, құрамы мен пайдасы туралы айтылды.
Мектебімізде басқа да ұлт өкілдері білім алады. Ұйғыр, өзбек, орыс, дүнген т.б. этностары да назардан тыс қалмады. Ұлттық киімдерді киіп дайындаған ұлттық тағамдарын таныстырып, дәріптеді. 
Ұлттық тағамдар күнінде аталарымыздан мирас болып қалған дәмі тіл үйіретін тағамдарды бірге насихаттайық!