26
сентябрь
2024
Балтабай орта мектебінде жалпы мектептік ата-аналар жиналысы
25.09.24 жылы Балтабай орта мектебінде жалпы мектептік ата-аналар жиналысы өтті.Қазақ сыныбының ата-аналарына сағат 15:00,орыс сыныбы ата-аналарына сағат 16:00 ұйымдастырылды.Жиналыстың тақырыбы:«Бала қауіпсіздігі-қоғам келешегі».Мақсаты:Ауто-деструктивті мінез құлқының алдын алу, жазатайым оқиғаларға жол бермеу мақсатында кәмелетке толмағандар арасында құқықбұзушылықты, олардың жасалуына ықпал ететін себептер мен жағдайларды болдырмау.Алғашқы сөзді мектеп директоры Г.Жартыбаеваға берілді. МДТЖІО:Даутова А.Р,Бейсембаева М.А, және мектеп психологтары Габбасова А.С,Бережная Е.В пайдалы әрі маңызды ақпараттармен бөлісті.Бейнероликтер,презентациялар,ата-аналармен тренинг өткізді.