Жартыбаева Гульбакыт Камышевна » Балтабай орта мектебі
Алматы облысы
Еңбекшіқазақ ауданы білім бөлімінің
"Балтабай орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Жартыбаева Гульбакыт Камышевна
15
февраль
2024

Жартыбаева Гульбакыт Камышевна

Жартыбаева Гульбакыт Камышевна 1976 жылы қыркүйек айының   19 жұлдызында дүниеге келген. 1992 жылы Есік қаласындағы Есік педагогикалық колледжіне «Бастауыш классты оқыту» мамандығына түсіп, 1996 жылы оқуды аяқтаған. 1999 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетіне жоғарғы оқуға түсіп, 2003 жылы “Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі” мамандығын алды. 2017 жылы Аймақтық әлеуметтік- инновациялық университетіне Филология факультетіне магистратураға тапсырып, 2019 жылы гуманитарлық ғылым магистрі дәрежесі берілді.

Еңбек жолы:

     Еңбек жолын 1996-2012 жылдар аралығында  Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласы,  Ленин атындағы орта мектебінде  «қазақ тілі мен әдебиеті» пәні мұғалімі қызметінен бастаған.

2012 -2017 жылдар аралығында Есік қаласындағы  «Есік гуманитарлық-экономикалық колледжінде» қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі   қызметін атқарған.

        2018 жылдың қыркүйек айынан бастап өндірістік практиканың бөлім  

        меңгерушісі қызметіне тағайындалған.Өндірістік практиканың бөлім 

        меңгерушісі қызметінен жоғарылап 2023 жылдың қараша айына дейін 

        директордың өндірістік тәжірибе ісі жөніндегі   орынбасары қызметін атқарып 

        келген.

Педагогикалық еңбек өтіліндегі жетістіктері:

2017 жылы Б.Момышұлының 100 жылдығына және  Абай Құнанбаевтың 170 жылдығына орай өткізілген облыстық ғылыми-практикалық конференциясына шәкірттер дайындап, І Дәрежелі Дипломға ие болды. 

2017 жылдың ақпан айында «Ұлағатты ұстаз» атты республикалық оқытушылар сайысында жүлделі І орынға ие болды.  «Білім беру жүйесіндегі инновацияларды қолдану және жүзеге асыру әдістемесі» атты ғылыми-әдістемелік конференциясы бойынша   Диплом иегері атанды. Оқытушының озық іс-тәжірибесі мен «Білім шапағаты», «Жоғарғы және орта мектеп тынысы», «М.Әуезовтың әңгіме жанрындағы шеберлік әлемі»  атты мақалалары облыстық, республикалық басылымдарда жарық көрді.  

2015-2017 оқу жылдарында «Өрлеу» БАҰО-да «Өзін-өзі тану» пәнін оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздері тақырыбында біліктілікті арттыру курсынан өтіп, Қазақстан Республикасының Ғылым Академиясының сертификатын алды. 

Шәкіртің жетістігіне қарап ұстазды бағалайтын заманда Гульбакыт Камышевнаның  талай белесті бағындырған талантымен қоса өжет шәкірттері де аз емес. Атап айтсақ, Оразақын Рыскүл   «Жас ғалым» атты Республикалық аймақтық ғылыми жұмыстар конкурсына және Алматы облысының ғылыми тәжірибелік конференциясына қатысып, І дәрежелі  Дипломды иеленген. 112-топ білімгерлері Диханбай Бекзадамен Ботанбек Ақерке   Мемлекеттік рәміздердің 25 жылдығына орай Республикалық «Мемлекеттік рәміздер-ұлттық мақтаныш» атты жас таланттар байқауына қатысып, «Ең үздік шығарма» номинациясы бойынша І Дәрежелі Дипломмен марапатталса, Алсейт Ақерке ІІ Дәрежелі Дипломмен марапатталған. 

2023 жылдың 16 қараша айында  “Балтабай орта мектебі ” коммуналдық  мемлекеттік мекемесіне директорлық лауазымына тағайындалып,   аталмыш мекеменің басшысы қызметін атқаруда. Аз уақыт ішінде білікті  де білімді маман,басқарушы қабілетке ие басшы екендігін көрсете алды.

Мектепті екінші үй десек, ұстазды анамыз дейміз. Ұстаз бола білу екінің бірінің қолынан келе бермейді. Алыптың да, дананың да ұстазы болған.

Осы егеменді, тәуелсіз Қазақстанда өркениетке бастар жолдың бастауы мектеп десек, мектептің басты тұлғасы, жүрегі – мұғалім демекші, болашақ мамандарды даярлау мен білім беру жолында қажымай еңбек етіп жүрген барша ұстаздарымыздың сапалы білім беріп, мықты маман иелерін тәрбиелеп шығатынына зор сенім білдіріп, шығармашылық табыс тілейміз.