«Денсаулық күні» » Балтабай орта мектебі
Алматы облысы
Еңбекшіқазақ ауданы білім бөлімінің
"Балтабай орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
21
сентябрь
2023

«Денсаулық күні»

Балтабай орта мектебінде 21.09.2023 жылы «Денсаулық күні» ұйымдастырылып өткізілді. Мерекелік шара салтанатты жиыннан басталып, мектеп әкімшілігі «Денсаулық күніне» қатысушыларға жылы лебіздерін білдірді.
Бастауыш сынып білім алушылары спорт жайлы өлеңдерін оқып, ән салып, би билеп, спорттық жарыстармен ұласты. Білім алушыларға «Көңілді старт» жарысы өтті. Іс-шара  “Асық ату” ұлттық ойыны, “Шашки” ойындарымен жалғасын тапты. Жарысқа  білім алушылар сынып жетекшілерімен қатысып, өздерінің күштерімен сынасып, жылдамдықтарын көрсетті.