Мектептің тәрбие жұмысына сараптама » Балтабай орта мектебі
Алматы облысы
Еңбекшіқазақ ауданы білім бөлімінің
"Балтабай орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Мектептің тәрбие жұмысына сараптама
13
июль
2023

Мектептің тәрбие жұмысына сараптама

Мектептің   тәрбие жұмысына сараптама


 «Балтабай орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі тәрбие жұмысын ұйымдастыруда нормативтік-құқықтық актілерді және кешенді жоспарды негізге алды.

 Олар:

-«Бала құқығын қорғау» БҰҰ Конвенциясы;

-Қазақстан Республикасының Конституциясы; 

-Қазақстан Республикасының «Білім туралы заңы» 2007 жылғы 27 шілде;

-«Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 8 тамыздағы заңы;

-«Неке және отбасы туралы» ҚР Кодексі 26 желтоқсан 2011 жыл;

-«/Тұрмыстық зорлық – зомбылық профилактикасы туралы» ҚР 2009 жылғы 4 желтоқсандағы № 214 – ІV заңы;

-«Балалардың денсаулығы мен дамуына тигізетін ақпараттан қорғау туралы» ҚР 2018 жылғы 021 шілдедегі № 214 – ІV заңы;

-ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2019 жылғы 15 сәуірдегі № 145 бұйрығымен бекітілген «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жағдайындағы тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері; 

            Сонымен қатар, мектепте тәрбиеленушілердің міндеттері мен қағидаларын реттейтін нормативтік құжат «Мектеп жарғысы» бекітілген, «Сынып жетекшісі туралы ереже», «Сынып жетекшілердің лауазымдық міндеттері», «Сынып сағаты туралы ереже», «Ата-аналар комитеті туралы ереже», «Ата-аналар жиналысының ережесі», «Мектептегі кезекшілік туралы ереже», «Мектептегі өзін-өзі басқару ұйымының ережесі», «Жас ұлан», «Жас қыран» «Балалар ұйымының ережесі», «Мектеп жанындағы сауықтыру лагерінің ережесі», «Құқық  бұзушылықтың алдын алу кеңесінің ережесі», «Мектепішілік бақылау ережесі», «Рухани жаңғыру мемлекеттік бағдарламасы», «Мәңгілік Ел» мемлекеттік акті, «Адал ұрпақ» балалар ұйымының ережесі.

               Мектептің жаңа оқу жылына арналған тәрбие жоспары тамыз айында педагог - психолог, әлеуметтік - педагог, педагог-ұйымдастырушы біріге отырып, аталған ережелер мен құқықтық- нормативтік құжаттарды негізге ала отырып жасайды.

               Тәрбие жұмыстары сынып жетекшілер бірлестігінің, «Жас ұлан» балалар ұйымының жұмысы, педагог-психологтың жұмысы, сынып жетекшілер және үйірме сабақтары арқылы жүзеге асады. Тәрбие жұмысына отбасын, білім беру ұйымын, қоғам қайраткерлерін тарта отырып біріккен түрде жүргізген тиімді. Тәрбие жұмысы отбасы, мектеп, қоғам тығыз байланыста болып жүргізген жағдайда ғана сапалы болмақ. 

             Тәрбиеленушілерге сапалы білім саналы тәрбие беру үрдісіне барлық ұжым мүшелері қатысады. Ата-аналар және әлеуметтік қызметкерлермен  тығыз байланыста болып, төмендегі тәрбие бағыттары бойынша жұмыстарды жүзеге асырады. Олар:

-Қазақстандық патриотизм мен азаматтыққа тәрбиелеу, құқықтық тәрбие

-Рухани- адамгершілік  тәрбие

-Ұлттық тәрбие шеңберінде құндылықтар жүйесін қалыптастыру

-Мектептегі отбасылық тәрбие

-Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие

-Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие

-Зияткерлік тәрбие  құндылығы

-Дене тәрбиесі, салауатты өмір салтын қалыптастыру

            Тәрбие жұмысының  мазмұны адамдық қасиеттерді (сенім, шындық, еркіндік, қайырымдылық, қамқорлық, махаббат т.б.) және ұлттық қасиеттерді (тәуелсіздік, патриотизм, ана тіл, заңға бағынушылық, ұлттық мәдениет, салт дәстүр т.б.) тәрбиеленушілердің бойына сіңіруде көрінеді. 

          Тәрбие жұмысының негізгі мақсаты: 

-оқушыларды жеке тұлға ретінде қалыптастыру, 

-өзін-өзі анықтауға және тәрбиелеуге,

 -шығармашылық қабілетін ашуға, 

-гуманитарлық және рухани адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру.                           Тәрбие жұмысы тәрбиеленушілердің бойында Қазақстандық патриотизм, азаматтық және    жалпы мәдениет, салауатты өмір салтын, шығармашылық қабілетін дамыту, өзінің икемділігін анықтауға  бағытталған. Жас ұрпақты тәрбиелеуде оң нәтижеге жету үшін төмендегі міндеттерді жүзеге асыру керек:

-Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне құрмет сезімін қалыптастыру;

-  Жас  өспірімдердің бойында азаматтық – патриоттық сезімін, рухани адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру;

-Оқушылар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру;

-Оқушылардың бойында ағзаға зиянды заттардан аулақ болу мінезін қалыптастыру;

-Оқушылар арасында діни экстремизмнің алдын алу жұмыстарын жүйелі жүргізу;

-Балалар ұйымы «Жас ұлан» және «Адал ұрпақ» клубының жұмысы арқылы балалардың шығармашылық қасиеттерін дамыту және қолдау;

-Сынып жетекшілермен әдістемелік жұмыс ұйымдастыру;

-Кәсіптік бағдар беру жұмысын ұйымдастыру;

-Жасөспірімдердің жазғы демалысын ұйымдастыру;

-Сынып ұжымын қалыптастыру, тәрбие жұмысын сынып ұжымында жүзеге асыру:

   Барлық бағыттар бойынша тәрбие жұмысында сынып сағаттары, дөңгелек үстел, әңгіме, кездесу, үйірме және секция жұмыстары, саяхаттар т.б. негізінде жүзеге асырылады. 

Тәрбие жұмысының бірінші бағыты  Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие беру.

2022-2023 оқу жылында “Елімнің бесігін тербеткен Тәуелсіздік” тақырыбы бойынша бастауыш сыныптар арасында   суреттер көрмесі өткізілді. 
 
Мақсаты:Еліміздің тәуелсіздік алу жолындағы ата - бабаларымыздың ерлігін паш ету, оқушыларға желтоқсан құрбандарымен, желтоқсан оқиғасына қатысқан аға - апалардың ерлігін үлгі етіп көрсету.
 
- Оқушылардың туған өлкемізге деген сүйіспеншілігін, сезімдерін ояту.
 
- Елін, жерін сүюге, Отанын қастерлеуге, шыншылдыққа тәрбиелеу. Оқушылар сурет көрмесіне  белсене қатысып,  жастарды   ерлікке, қайсарлыққа, еліміздің тәуелсіздігін қорғауға шақырады. 2022 жылы 15 желтоқсан күні мектебімізде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік  күніне арналған 5 сынып оқушыларын бірыңғай «Жас Ұлан » , "Жас Қыран" балалар мен жасөспірімдер ұйымы қатарына қабылдауға арналған салтанатты шара өтті. Іс-шара мақсаты : 
 
Еліміздің нағыз патриоттары , өзгерістерден қамықпайтын еңбекке құмар , білімге құштар , өзін –өзі жетілдіруге үнемі ұмтылатын, өршіл, қайсар, дәстүрімізді, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарымызды   қастерлейтін , рухани дүниесі кең азаматтарды тәрбиелеу.
 
Аталмыш ұйымға қабылданушы білім алушылар АНТ қабылдады. Галстук байлау рәсімін мектеп директоры Б.Калиева және өзін-өзі басқару ұйымының министрлері жүргізді.
 
Іс-шара тәуелсіздік күні қарсаңында патриоттық әндер айтылып,қазақтың ұлттық билерімен жалғасты. 
 
Құқықтық тәрбие беру баланың жеке тұлғасын қалыптастырып, олардың бойында жоғары идеялы қоғамдық меншікке қатынасты көзқарасты дарытудың міндеттерін атқарады. Осы міндеттерді жүзеге асыру мақсатында жоспарлы түрде жұмыс жүргізіліп келеді.

Тәрбие жұмысының   келесі бағыты: рухани-адамгершілік бағыты. 

 Мақсаты: Оқушылардың өз ана тіліне деген құрмет сезімін арттыру, тіл мәртебесін көтеру өз ұлтына , еліне деген сүйіспеншілігін ояту. Тіл білімінің атасы -Ахмет Байтұрсынұлының өмірі және шығармаларын дәріптеу. 09.09.2022 жылы аталған іс- шараның ашылуы салтанаты өтіп , мектеп директоры Б.О.Калиева мектеп білім алушылары мен ұстаздар қауымын мерекемен құттықтады.Іс -шара үштілділікте өткізіліп , 4,5,7 сынып білім алушылары   үш тілде  өлең жолдарын оқып, үш тілде ән шырқалдыІс-шараның екінші кезеңі Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту   мақсатында «Тіл білімінің атасы» тақырыбында 9-11 сыныптар арасында эссе байқауы өтті. Байқауға балалар белсене қатысып : 11 сынып оқушысы Мұратбек Елдана бірінші орын , 9 б сынып оқушысы Серік Әкежан екінші орын , 10 а сынып оқушысы Әуезхан Балнұр үшінші орынды иеленді. Сонымен қатар « Ұлтын ұлықтаған ұлы тұлға» атты Ахмет Байтұрсынұлының өлеңдерін мәнерлеп оқудан әдеби караоке байқауы өткізілді. Байқаудың әділ қазылары : Далдабаева З. Т , Алимходжаева М. К , Омарханова А.У. шешімімен :

1 - орын Серік Зере 

2 - орын  Сабит Айнара

3-  орын  Омар Мейіржан басқа қатысушыларымызда алғыс хатпен марапатталды.

2022-2023 оқу жылында Бұлбұл үнді Роза Бағланованың 100   жылдық мерейтойына орай “Елі сүйген, Елін сүйген Роза” атты әдеби-сазды іс-шара өткізілді. 5-10 сынып қыздары әншінің репертуарындағы әндерді хормен, дуэт және жеке дауыста орындады. Бағланова Роза Тәжібайқызының өмір жолы мен шығармашылығы – халыққа қалтқысыз қызмет етудің, сахнаға деген адалдықтың және көрерменге деген шексіз құрметтің үлгісі екендігі туралы айтып, орындалған әндердің тарихына шолу жасалды.Аталмыш іс-шарада “Катюша”, “Самара городок”, “Темная ночь”, “На солнечной поляночке”, “Сәулем-ай”, “ Жайдарман” т.б.сынды әндері шырқалып, би биледі. Ән орындаушы білім алушылардың киім үлгісі де әнге сай таңдалған. Іс-шара соңында мектеп директоры Б.Калиева сөз алып, Роза Тәжібайқызының біртуар өнер иесі, күміс көмей әнші, қазақ ән өнерінің дамуына өлшеусіз үлес қосқан , Халық Қаhарманы, КСРО Халық әртісі екендігі туралы айтып қорытындылады. Іс-шара жоғары деңгейде өтті.

Келесі бағыт оқушыларға ұлттық тәрбие беру. Мақсаты: жеке тұлғаны ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарға, мемлекеттік тілді, қазақ халқының, Қазақстан халқының мәдениетін құрметтеуге бағыттау. Ұлттық тәрбиеден нәр алған ұрпақ рухани құндылывқтарды бойына сіңіріп, биік дәрежеге көтеріледі. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін жоспарлы жұмыс атқарылды. 

Атап өтер болсақ: «Ұлы Наурыз –жаңа жыл басы» атты сынып сағаттары өткізілді. Сынып сағаттарда «Наурыз» мерекесінің мән- мағанасын, Қазақстанда тұрып жатқан көп ұлттар  туралы балаларға түсіндірілді. Нәтижесінде білім алушылардың қазақ халқының ежелден сақталып, атадан балаға мұра етіп қалдырған ұлттық салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар жөнінде түсініктері тереңдете түсті, халқымыздың салтын ұмытпай жалғастыруға баулыды. 1-4 сынып білім алушылары арасында “Бақ дарытар құт Наурыз!” атты жас суретшілер байқауы өткізілді.
 Мақсаты: Ұлыстың ұлы Наурыз мерекесін атап өтуі туралы толық мағлұмат беру, халқымыздың салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын үйрете отырып өнегелі, өнерлі азамат болып бірлікке, достыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу;
 Жас суретшілерді анықтау.
 Аталмыш сурет байқауы көрісу амалынан басталды. Білім алушылар көтеріңкі көңіл-күймен кірді. Байқауды ұйымдастырушы Б.Курмантаева сөз алып байқаудың мақсаты мен ережесімен таныстырып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Сурет салу кезеңі аяқталғаннан кейін қатысушылар өз жұмыстарын қорғады. 
Зейнеткерлік жастағы  аға буынның еңбек жолын кейінгі ұрпаққа  насихаттау, оларды қастерлеу мақсатында  «Дария кеуде тау мүсін,қарттарым аман саумысың» атты дөңгелек үстел өткізіліп, өз саласында қызмет еткен қарттарға құрмет көрсетілді . Балалар  қолдан даярлаған бұйымдарынан «Берекелі Наурыз» атты қолөнер шеберлерінің көрмесі жасалды.                                                                                                                  «Ұлыстың ұлы күні Наурыз» атты мерекелік үлкен іс-шара өткізілді. Мерекелік концертке ауыл ақсақалдары, тұрғындары қонақ болып келді. Мерекелік іс-шара Қадыр атаның ақ бастасынан басталды. Мектеп білім алушылары бірдей қазақы нақышта тігілген киім үлгілерімен сахна ортасына шығып, әдемі ән, ұлттық билерімен мерекелік көңіл-күй сыйлады. «Рухани жаңғыру» аясында 8-9 сынып білім алушылары «Тұсау кесер», «Беташар» салтын сахналады. 

Тәрбиенің негізгі бағыттарының бірі: отбасы тәрбиесі. Мақсаты: неке және отбасы мүшелерін құрметтеу құндылықтарын тәрбиелеу; жәдігерлер мен әдет-ғұрыптарды құрметтеу; ана болудың қасиеттілігі; сезім құндылықтары- сүйіспеншілік, адалдық, достық, ата-аналарды тәрбиелеу, олардың психологиялық-педагогикалық құзыреттілігі мен балаларды тәрбилеу жауапкершілігін арттыру. Оқушыларға тәрбие беруде ерекше рөл атқаратын орта-отбасы. Отбасында ата-ананың балаға берері мол, бала ата-анаға еліктеп өседі. Оқушыларға отбасы мүшелерінің татулығы, отбасындағы татулыққа әр отбасының қосар үлесі, ата-ананың рөлі т.б. тақырыптарда ата-аналармен жұмыс жүргізілді. Оқу-білім беру процесінің негізі ата-ана, оқушы, ұстаз тығыз байланыста болған жағдайда ғана іске асады. Ол үшін әр сыныпта сынып сағаттары, ата-аналармен кездесу, дөңгелек үстел т.б. іс-шаралар жүргізілді. Ата-анамен тығыз байланыс орнату мақсатында мектебіміздің ата-аналарымен бірігіп семинарлар өткізілді.


    «Позитивті отбасы» 24.10-26.10 аралығында 1-5 сынып білім алушылары арасында бейнероликтер топтамасын ұйымдастырылды. Отбасы — сыйластық , жарастық орнаған орта, кішкентай Отан.

«Отан – отбасынан басталады» дегендей отанды сүю- отбасынан басталатыны рас!

     Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім – жақындарына, туған-туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады. Сол себепті де бұл іс-шараға қатыса отырып, әр бір баланың өз отбасына деген сүйіспеншілігінің  арта түскені сөзсіз.Үздік шыққан бейнероликтер иелері «Алғыс хаттармен» марапатталды.Атап айтқанда 1 «А» сынып оқушысы Манап Мәулен, 1 «В» сынып оқушылары Павлова Варвара, Бережная Валерия, 4 «В» сынып оқушысы Горлачев Кирилл. «Ұрпақ тәрбиесі», «Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» тақырыбында zoom платформасы арқылы көп балалы ата-аналар мен үлгілі отбасылармен кездесу өтті. Конференцияны әлеуметтік педагог А.Серебренникова ашты. Конференцияда ұрпақ тәрбиесі туралы ауқымды тақырып кеңінен айтылды. Ата-аналар пікір алмасып, бір-бірлеріне кеңестерін, ұсыныстарын айтты. 

Мектептегі отбасы тәрбиесін жүзеге асыру барысында «Семья в моей жизни», «Отбасы бақыт мекені» іс-шаралары жүзеге асырылды.

Тәрбиенің келесі бағыты: еңбек, экономика және экология бағыты. Мақсаты: кәсіби өзін-өзі анықтауға саналы көзқарасты   қалыптастыру, және тұлғаның экономикалық ойлауы мен экологиялық мәдениетін дамыту. Қайталанбас құндылық ретінде табиғатты сүю; кіші Отан ретінде табиғатқа деген сүйіспеншілік. Қазақ халқы еңбекті бүкіл тәрбие жүйесінің күре тамыры деп қарастырған. Еңбек тәрбиесі деп баланы еңбек сүйгіштікпен , еңбек адамдарына құрметпен қарауға, еңбек іс-әрекетінің барысында олардың дағдысы мен іскерлігін қалыптастыру,  мамандық таңдауға бағыт-бағдар беру. Қазіргі кезде мемлекетімізде білім беру жүйесінде экономикалық ойлауды қалыптастырудың маңызды факторы ретінде, мемлекеттік саяси экономикалық  білім мен тәрбие ісі ерекше орын алып отыр. Экономикалық тәрбие адам бойында тәртіптілік, ұжымшылдық, ықыластылық, ұқыптылық, іскерлік, еңбектегі шығармашылық т.б. қасиеттерді дамытуға бағытталған. Экологиялық тәрбие-табиғатқа деген жанашырлықты адам бойына сіңіру. Еңбектеген бала-шағаны табиғатты сүюге және оны аялауға тәрбиелеу. Осы мақсаттарды жүзеге асыру үшін түрлі іс-шаралар жүргізілуде. Мәселен: «Бірлікті еңбек- береке бастауы», «Зелёная экономика», «Ұлттық теңге- Тәуелсіздігіміздің символы», «Труд основа жизни», «Табиғатты аялайық» және карантин уақытында санитарлық талаптарды сақтай отырып «Сенбілік», «Ағаш отырғызу» акциялары және т.б мектепішілік жұмыстар жүзеге асырылды. Жұмыстар негізінде оқушыларды табиғат аясын құрметтеу мен еңбекқорлыққа бағытталды.

Келесі тәрбиенің бағыты зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениетті тәрбиелеу. Мақсаты: әрбір адамның интелектуалдық  мүмкіндіктерін, көшбасшылық қасиеттерін және дарындылығын, сондай-ақ ақпараттық  мәдениетті, оның ішінде балалардың кибермәдениеті мен кибергигиенасы дамытуды қамтамасыз ететін мотивациялық кеңістікті қалыптастыру.   Бұл мақсатты жүзеге асыруда жұмыс жоспарлы түрде жүргізілді. Солардың ішінде мынадай жұмыстарды атап өтуге болады. «Дәуір және тұлға» атты жас ұрпақты оқу мен тәрбиеге қызығушылығын арттыру мақсатында  Балтабай ауылының дамуына зор үлес қосқан М.Илиевпен кездесу өткізілді. Кездесуде оқушылардың білімге деген ынтасын оятып, жүрекке жетер әсерлі кездесу болды. Және тәрбие жұмысының зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениетті тәрбиелеу бағытын жүзеге асыру барысында «Телефон лучший друг» танымдық түсініктеме жұмыстары жүргізілді. «Білім аралы» білімділер мен тапқырлар марафоны өтті. Марафон барысында оқушылар тарих пен бүгіннің ақпаратына қаншалықты қанық екенін сынады. 

        Мектебімізде Діни экстремизм мен терроризмге қарсы бұйрық шығарылып,  АӘД мұғалімі, педагог-ұйымдастырушы бұйрыққа сүйене отырып, жұмыс жоспары құрып, оқу жылдарында мектебімізде оқу-жаттығу жұмыстары жүргізілуде. Жүргізілу барысында дабыл қағылып, терорлық топ шабуыл жасағанда жасалатын іс-әркеттер туралы таныстырылды. Аталған іс-шараға мұғалімдер мен мектеп оқушылары біріктірілді. Оқу жаттығулар  өткізу барысында террористік қауіп қатердің әсерінен жапа шекпеу жолдары көрсетіліп, шабуыл кезінде өзін-өзі қорғау іс-әрекеттері үйретілді.  «Дін және қауіпсіздік», «Діни экстремизм» атты тақырыптық текше жасалып, халықаралық азаматтық қорғаныс күніне мектеп оқушыларымен азаматтық қорғаныс сабақтары да өткізіледі. Сонымен қатар, сурет, қабырға газеттері, бейне материалдар байқаулары өткізіліп тұрады. Оқушылар арасындағы діни көзқарастың дұрыс қалыптасуын қамстамасыз ету мақсатында діни экстремизмнің алдын-алуға байланысты сауалнама жүргізіледі. Сауалнама нәтижесі бойынша тарих және дінтану, АӘД пәндерінің мұғалімдері діни сауаттылықты арттыру үшін «Терроризм ғасыр қаупі» баяндама, дөңгелек үстел, бейнебаяндар көрсету, дебат және т.б. жұмыстар жүргізіледі. Атқарылған жұмыстар БАҚ-на және әлеуметтік желіге орналастырылады.  

Тәрбие жұмысының соңғы бағыты дене тәрбиесі, салауатты өмір салтын қалыптастыру. Мақсаты: Салауатты өмір салтының, дене шынықтыру мен спорттың, дене шынықтырудың құндылығын, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау құндылығын қалыптастыру. Негізінде денені жүйелі түрде шынықтыру  мен денсаулықты нығайту  адамның ойын өсіріп, шығармашылық қабілетін арттырады. Балаларды салауатты өмір салтын ұстануға баулу. Ол үшін  сынып жетекшілер оқушылармен сынып сағаттарын өткізіп, түрлі спорттық жарыстарға қатыстырып, үйірмелерге тартады.  Спорт -мемлекеттің мәртебесін, ұлттың намысын айқындайтын көрсеткіш. Осы орайда, «Мектеп лигасында» 7-8 сынып қыздар арасында волейболдан аймақтық жарыстан 1 орын, аудандық жарыста жүлделі 2 орын, 5-6 сынып қыздар арасында волейболдан аймақтық жарыстан 1 орын, 5-6 сынып ұлдар арасында волейболдан 1 орын. Аудан көлемінде 2 және 3 орын. Жаттықтырушы: Ержанұлы Нұржан. Футболдан «Мектеп лигасы» аймақтық жарыста 7-8 сынып арасында 2 орын, 5-6 сынып арасында 3 орынға иеленді. Жаттықтырушылары: А.Абдрахманов, Р.Османов. 

Мектеп лигасы «Баскетбол» жарысынан 5-6 сынып 3 олрын, 7-8 сынып қыздар арасында 2 орын, 7-8 сынып ұлдар арасында 3 орын, 9-11 сынып қыздар арасында 2 орын. Жаттықтырушы: Л.Койлюбаева, 

Мектеп лигасы «Шахмат» ойынынан 7-8 сынып арасында өткізілген аймақтық турнирде жүлделі 2 орынға ие болды. Жаттықтырушы  В.Бережной. 

Мектеп лигасы «Тоғызқұмалақ» ойынынан 7-8 сынып арасында өткізілген аймақтық турнирде жүлделі 2 орынға ие болды. Жаттықтырушы: А.Абжанов, 

Қазақтың ұлттық ойыны «Асық атудан» мектепшілік турнир өткізіліп, жарысқа қатысқандар марапатталды. Сонымен қатар аталмыш ұлттық ойынды мектепте дәріптеліп, өткізілуі туралы Еуразия телеканылына шақырту алып, А.Нурымов және екі шәкіртінен интервью алынды..

 Сонымен қатар салаутты өмір салтын насихаттауда дене шынықтыру пәнінің жас ұстаздары өз тәжірибесінде көрсете білді. Атап айтқанда аудандық мини футболдан Османов Р, Ержанұлы Н, Абдрахманов А, Нурымов А. Жүлделі 3 орынды иеленді. Волейболдан Ержанұлы Н облыс көлемінде 1, 2 орындарға иеленді. 7 қаңтарда өткен жарыста 1 орынға иеленіп, үздік ойыншы атанды.

Абдрахманов Анаят Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқарма басшысы Н.Теңізбаевтың алғыс хатымен марапатталды.

Сонымен қатар аудандық алғыс хаттармен Койлюбаева Л., Нурымов А., Бережной В., Османов Р. марапатталды. 

     «СПИД- ғасыр дерті» Оқушыларға ғасыр індеті туралы жалпы түсініктеме берілді. Жалпы жайлаған індет уақытында карантиндік талаптарды сақтай отырып, зум платформасы арқылы ұлдар мен қыздарға вирустық жұқпалы аурулар туралы түсініктемелер жүргізілді. Оқушыларға кері байланыс ретінде «Дені саудың жаны сау» тақырыбында презентация жасау тапсырылды. Сонымен қатар оқушылар арасында қосымша спорттық үйірмелер жүргізіліп, аудандық, облыстық, республикалық волейбол, баскетбол, футбол, асық ату, бес тас, үстел теннисі, бокс, жамбы ату, күрес,  ойындары бойынша жарыстардан жүлделі орындарды иеленуде.

Ата-аналармен жұмыс:

Қазақстан Республикасының Конституциясында «Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу - ата-ананың табиғи құқығы әрі парызы» деп отбасының міндеті анық көрсетілген. «Қазақстан-2030» бағдарламасында балаларымызды алыс болашақта қандай сапада көруіміз керектігі айтылған. Сонымен бірге «Отбасы туралы Заң», «Жоғары және орта білім тұжырымдамасында» әрбір отбасына өзінің ұрпағын тәрбиелеп, қатарға қосу міндеті жүктелген.Сөйтіп, отбасының әуел бастан-ақ өзіне тән киелі міндетін орындау қажеттілігі бекемделе түсті. Мектептің негізгі міндеттерінің бірі ата -аналармен   байланысты күшейту, отбасымен қарым-қатынасты нығайту, ата-аналарды мектептің тәрбие жұмысына тарту. «21 ғасырдағы Қазақстандық ата-ана: өз балаңа үлгі бол» 5-7 сынып оқушыларының ата-аналарына психология-педагогикалық көмек республикалық ата-аналар конференциясы өткізілді. Конференцияға мектеп қабырғасында балалары оқитын ата-аналар түгелдей дерлік қатысты. Ата-аналарға ең алдымен мектеп директоры сөз алып, үндеухат оқыды. Мектеп-психологі Габбасова А.С. бейнероликтер көрсетті. Ата-аналар жиналысының соңында  сауалнамалар жүргізіліп, ата-аналардан кері байланыс алынды.

Өзін-өзі басқару ұйымының жұмысы:

Мектептегі балалар ұйымының негізгі мақсаты-оқушылардың адамның әлеуметтік рөлдер жүйесін орындауға дайындығы мен икемділігін қалыптастыру. Оқушылардың өзін-өзі басқаруға 5 сыныптан бастап бейімдеу жұмыстары жүргізіледі. Белгілі бір уақыт ішінде мектебімізде оқу, сонымен қатар тәрбие жұмысы әдістеме элементтері негізінде құрылады (Биоинформатика және синергетика) авторы профессор Вассерман. Біз белсенді түрде қолдана бастаған бұл әдістеменің артықшылығы - әрбір сынып әрбір бала белгілі бір құрылымға түсетін өзін-өзі басқару бірлігі болып табылады. Сонымен қатар, біз үлкен көмекшілер командасын аламыз. Біз әрбір оқушыға ұйымдастыру шараларына қатысуға мүмкіндік береміз. Бұл мектептегі білім беру үдерісін шынайы демократиялық ашық гуманистік етуге көмектеседі. Оқушылардың өзін-өзі басқару принциптерін төмендегідей қарастырады:

Еріктілік, теңдік, заңдылық, жариялылық

Адам құндылықтарының басымдылығы 

Топтық шешім қабылдау 

      Өзін-өзі басқарудың әрбір мүшесінің мүдделері мен қадір-қасиетін және пікірін құрметтеу. Түрлі бағыттағы өзін-өзі басқару жұмысының құрылымы енгізілді. Мектептің өзін-өзі басқаруының бұл құрылымы мектептегі іс-шаралардың белсенді қатысушысы болып қана қоймай, мектептегі тәртіп пен тәртіпті ұйымдастыруға да көңіл бөледі. Мектептің өзін-өзі басқару жұмысының бастауы – сайлау.  Сайлау бірнеше бөлімнен тұрады.Әр сыныптан көшбасшылар өздерін ұсынады сыныптағы сайлау. Әр сыныптың өзінде президент және парламент бірнеше министрлерден тұрады. Бұл жерде бала өзін қай жағынан көрсете алғандығы айқындалады. 

-         Сынып белсенділері өзін президенттікке ұсына алады. 

-         Әрбір үміткер өзінің мектептің даму жоспарын жасайды.

Сайлауға қатысқан қалған оқушылар өздерін басқа міндеттерге ұсына алады. Мектеп әкімшілігінің міндеті – мықты топ құру. Жұмыс барысында біз мектеп мұғалімдеріне емес, мектеп әкімшілігіне талап қоямыз. Қазіргі таңда мектепте «Жас Ұлан», «Жас Қыран» спорт министрі, мәдениет министрі, білім министрі т.б. бағыттарда жұмыс ісейді. Мектеп белсенділері өз жұмысында мектеп жұмысының барлық бағытын қамтиды. Мектептегі өзін -өзі басқарудың қалыптасқан құрылымы өзін -өзі ақтайды және белгілі нәтижелер береді:

Мектептегі оқушылардың 90 пайызы мектепішілік іс -шараларға тартылады.

Шығармашылық, спорттық, зияткерлік бағыттағы іс -шараларға қатысу үшін таңдаудың кең спектрі.

Президент өз командасымен екінші ауысымдағы оқушылар арасында өздерінің дублерлерін таңдау үшін осындай жұмыстар жүргізді. Оқушылар түрлі іс-шаралар ұйымдастыруға қатысады. Мектептегі оқушылдардың кезекшілігін ұйымдастырып, оқушылар жиынын өткізеді. Кезекші сыныптың есебін тыңдайды.  Бұл оқушылардың өздеріне деген жауапкершілігін арттырады. 

    Мектепте жасөспірімдерді адалдыққа тәрбиелеу, жемқорлыққа қарсы тұру мәдениетін, жауапты, талапты және әлеуметті азамат пен патриот қалыптастыруға баса көңіл бөлінеді. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін мектепте «Адал ұрпақ» клубы құрылды. Клубтың құрамына 7-10 сынып оқушылары алынды. «Адал ұрпақ»клубының жетекшілігіне мектеп директорының  бұйрығы бойынша тарих пәнінің мұғалімі Асқарбек Акмади бекітілді. «Адал ұрпақ» клубы өз жұмысын жоспарға сай жүргізуде. жылы «Жемқорлықсыз қоғамға қадам» ұранымен адалдықты Жалпы «Адал ұрпақ» клубының жұмыс жасау барысы негізінде мектеп дәлізінде «Парасатты азамат» бұрышы жасалған. Және де «Қоғамдық тәртіп негіздері» пікірталас практикумы, «Транспарентті және есеп беретін мемлекет» атты бейнероликтер байқауы, «Мемлекеттік қызмет елдің мүддесіне адал еңбек»   эссе жазу байқауы,  «Арыңды жасыңнан сақта» баяндама оқытылып, т.б жұмыстар жүргізіліп отырды.

«Ұшқыр ой алаңы » дебат клубы қызметінің негізгі мақсаты: баланың жеке басының өзін -өзі жүзеге асыруына жағдай жасау, оның рухани және шығармашылық қабілетін ашу, білім алушылардың құндылық бағдарын қалыптастыруға ықпал ету, гуманизмді Қазақстан азаматын тәрбиелеу. Дебат клубы - бұл толеранттылықты, шешендік шеберлікті, логиканы, сыни ойлауды және жастардың көшбасшылық қасиеттерін дамытуды жүзеге асыратын еріктілер бірлестігі. «Ділмәр», «Диспут», «Galaxy» дебаттық командалары ай сайын кездесулер ұйымдастырып отырады. Дебаттық жұмысымыздың нәтижесі ретінде:  «Ұшқыр ой» дебаттық клубы мүшелері «Ділмәр» командасы «Ұшқыр ой алаңы» облыстық дебаттық турнирінде «Дебаттық креатив» номинациясмен және Герасименко Дмитрий «Лучший оратор» номинациясымен марапатталды. Аудандық турнирлерде жүлделі 2,3 орындарды иеленді. Ділмәр, Диспут  және Galaxy дебаттық клубының мүшелері өз-өзін басқару ұйымымен бірлесе 6-8 сынып оқушыларын дебатқа дағдыландырып, өзара турнирлер ұйымдастыру жұмыстарын жүзеге асырып отыр.

    Әдістемелік- нұсқау хат негізінде және оқушылардың өмір қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында «Жолда жүру»  ережесі бойынша жоспар құрылып 1-8 сыныптар аралығында жұмыс жүргізілді,және кунделлик кз-ке енгезілді.  Жолда жүру ережесі сақтану бойынша сынып сағаттарымен қатар мектеп ішінде жас ерекшеліктерге сай түсіндірме жұмыстары, көңілді тапқырлар клубы жүргізіліп отырады. Жүргізілген жұмыстар оқушылардың өмір қауіпсіздігін сақтау мақсатында жүргізіліп, оқушыларымыз жолда жүру ержесі бойынша байқауларға қытысамыз.

Бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған мақалалар: Тәрбие жұмысының нәтижесін және жұмыс қорытындысын әлеуметтік желілерге, жарияланып жіті жарияланып отырады. Атқарылған жұмыстар нәтижесі әр аптаның соңғы күнінде әлеуметтік желіге жарияланып отырады. Сынып жетекшілер өз тәжірибесін тарату мақсатында БАҚ көздеріне мақала жариялап отырады.  Мектеп мұғалімдері жұмысын бөлісіп, тәрбие бағытының мамандары өз жұмыстарын әлеуметтік желіге жариялау арқылы жұмыстарын публикациялық түрде көрсетіп отырады.

2022-2023 оқу жылдарындағы  мектептегі үйірме жұмыстары туралы мәлімет 0-11 сынып аралығы:  

Оқу жылы

Қосымша сабақтар саны 

Бала саны

Қатысушы саны

Үйірме

Факультатив

Үйірме 

Факультатив

1

2022-2023

10

6

756

384

372



Глобальные компетенции 

Элективные курсы


Глобальные компетенции

Элективные курсы

2

2022-2023

10

4

345

322

23

          Мектепте балаларының құқығын қорғау бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде. Оқу жыл барысында жетім, ата-ананың қамқорлығынсыз қалған, көпбалалы отбасында және әлеуметтік аз қамтылған отбасында тәрбиеленетін, жалғыз анасымен және жалғыз әкесімен тәрбиеленетін оқушыларды есепке алып отырмыз. Бұл отбасы және ондағы балалармен үнемі жұмыс жүргізілуде: үйлеріне бару, ата-анасымен пікірлесу және ол оқушылардың сынып жетекшісімен жұмыс жүргізілуде. Әр жылы 29-қазан «Қамқоршылар» күнін атап өтеміз. Жыл сайын сыныптарда әлеуметтік паспорт жасалады. Соның негізінде мектептің әлеуметтік паспорты жасалған. 

2022 – 2023 оқу жылындағы оқушылардың әлеуметтік деңгейі туралы мәлімет.

Әлеуметтік мәртебе

2022-2023

1

Оқушылар саны

1109

2

Көпбалалы отбасындағы  бала саны

254

3

Әлеуметтік аз қамтылған бала саны

30

4

Жетім бала саны

8

5

Мүгедек бала саны

23

6

ААҚҚ бала саны

0

7

Жалғыз анасымен тұратын бала саны

46

8

Жалғыз әкесімен тұратын бала саны

9

9

Тегін ыстық тамақпен қамтылған


267

10

Жалға алушы есебінен тегін тамақтанатын оқушы саны

0

11

ЖББ қорынан материалдық көмек көрсетілген бала саны

60


Әлеуметтік  көмекпен  қамтылған   оқушылар  саны  мен   қамтылуы

2022-2023 оқу  жылы

Арендатор  есебінен     тегін  ыстық  тамақ

ЖБББҚ  есебінен     киім-кешек,  оқу-құралдары

Барлығы

0

60

60


2022-2023 оқу жылындағы бала саны –1 109 . Оның ішінде - 267 оқушы тегін ыстық  тамақпен қамтылған.    Жалпыға білім беру қорынан  60  оқушыға әр балаға  37 389 тг көлемінде мектеп формасына бір реттік қаржылай көмек бөлінді. Жалпыға білім беру қорынан аз қамтылған отбасынан шыққан оқушылардың бәріне қамтылды. 

 Алыс елді мекеннен келетін білім алушылар 4 бағыт бойынша тасымалданады.


Жылы

2022-2023

Бірлік

228

Саяжай

55

МТФ

32

Куш

40


Жалпы

355


Оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастыру

         Бала денсаулығы қай уақытта да, кез келген жағдайда да өзекті мәселе. Оқушылардың денсаулығын нығайта отырып, олардың демалыс кезінде дұрыс демалуын қамтамасыз ету әр мектептің міндеті. Лагердің жұмысының ерекшелігі: баланың демалысы мен еңбек етуге дағдыландыруды кіріктіре білу. Лагердің жұмысы өз бағдарламасы негізінде жүргізіледі. 

Бағдарламаның мақсаты:

-Баланың денсаулығын нығайту, демалыс және жазғы мерзімде уақытын дұрыс пайдалану және демалысты ұйымдастыру:

-Салауатты өмір салтын және жалпы оқушы мәдениетін қалыптастыру:

-Көпбалалы отбасында тәрбиеленетін, әлеуметтік аз қамтылған, жартылай отбасында және сәтсіз отбасында тәрбиеленетін балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру:

-Жасөспірімдердің демалысы мен уақытша іспен айналысуын жүзеге асыру:

-Оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай сауықтыру -білім беру бағдарламасын жүзеге асыру;

     Ұлы  шығыс ғұламасы Әл-Фарабидің «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың – қас жауы»,-деген  сөзімен қорытындылағым келеді. Білім мен тәрбие біріккен жағдайда ғана білімді, тәрбиелі, рухы биік нағыз ел ертеңін ойлайтын Жас патриот тәрбиелей аламыз. Саралай келе, мектебіміздің тәрбие жұмысы тәрбие жүйесін   басшылыққа алынатын құжаттарға сай жүргізілді. Тәрбие жоспары негізінде іс-шаралар өткізілді. Жылдық жоспарға сай айлық-апталық жұмыстар  жүргізіліп өткізілген әр аптаның жұмысына  мәлімет түрінде жинақталып мектептің интернет  желісіндегі аккаунтқа жүктеліп тұрады. 

    Сонымен қатар мектебімізде «Оқуға құштар мектеп», «Театр және балалар»,  «Ұшқыр ой» дебат, «Өзін –өзі басқару ұйымы», «Жас ұлан», «Адал ұрпақ» жобалар іске асуда және «Жылы жүрек», «Мектепке сезіммен гүл сыйла»....т.б акциялар өткізіліп оқушылардың  қоршаған ортаға деген қамқорлығын нығайтып басқада бағыттардағы өткізілетін акциялар, іс-шаралар балаларды қамқорлыққа, қайырымдылыққа тәрбиелеуге негізделген. Ю-туб каналында видеоконтент арқылы және интернет желісіндегі мектептің аккаунты арқылы жарияланып отырды.