"Балтабай орта мектебі-мектепке дейінгі шағын орталығымен" КММ » Балтабай орта мектебі
Алматы облысы
Еңбекшіқазақ ауданы білім бөлімінің
"Балтабай орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » "Балтабай орта мектебі-мектепке дейінгі шағын орталығымен" КММ
12
июль
2022

"Балтабай орта мектебі-мектепке дейінгі шағын орталығымен" КММ


Жалпы сипаттамасы


Ғимарат сипаттамасы (жағдайы, салынған жылы, күрделі жөндеуден өткен жылы)

  • Мектеп негізгі және кіші мектеп ғимаратынан тұрады. 
  • Ғимарат-3 қабаттан тұрады, сыйымдылығы – 900 орын. 
  • Мектептің жалпы оқу аумағы – 5588 м2
  • мектептің оқу кабинеттерінің саны – 48, 
  • спорт залы –1, 
  • АКТ залы – 1. 

Компьютерлер 

  • Дербес компьютерлер саны – 183

Кітапхана қоры

  • Жалпы кітапхана қоры – 28434
  • оқулықтар саны –26565
  • көркем әдебиет саны –869 
  • электронды оқулық саны – 0.


Жылу жүйесінің түрі: орталықтандырылған

Сумен қамтамасыз ету: орталықтандырылған

Білім беру тілі: қазақ-орыс

Мектептің жұмыс уақыты:    Жұмыстың басталуы:   8:00 мин
                                                  Жұмыстың аяқталуы:  18:00 мин

Ауысым саны: 2

                   Педагогикалық кадрлардың сандық және сапалық құрамы

Педагог кадрлардың жалпы саны, оның ішінде қоса атқарушылар

86

Орта жас

40

Орта педагогикалық өтіл

19 жыл

Санаттарыбар:

Педагог-шебер - 0

педагог-зерттеуші – 16

педагог-сарапшы –19 

педагог-модератор – 22

Санатсыз –29

«НЗМ» бағдарламасы бойынша сертификаты бар

Бірінші деңгей – 5

Екінші деңгей –2

Үшінші деңгей -8

Оқушылардың қозғалысы бойынша есеп:

Оқу жылы

Оқушы саны

Сыныптар

1-4

5-9

10-11

2018-2019

959

450

429

80

2019-2020

993

455

452

86

2020-2021

1032

431

494

107

2021/2022

1095

467

528

100



Сынып комплектісінің өсімі бойынша есеп:


Оқу жылы

Оқушы саны

Сыныптар саны

Барлығы

1-4

5-9

10-11


2018-2019

959

18

20

4

42

2019-2020

993

18

20

6

44

2020-2021

1032

17

21

8

46

2021/2022

1095

19

21

8

48









Сынып2018–2019 оқу жылы2019–2020 оқу жылы2020–2021 оқу жылы2021-2022 
Оқушы санысапаүлгер %Оқушы санысапаүлгер %Оқушы санысапаүлгер %Оқушы санысапаүлгер %
1-445168100456891004317310047170100
5-943056100452601004946610053065100
10-11
804910086511001076410010066100
Барлығы9616110099463100103268100110167100







.



Оқу жылы

Алтын белгі иегері

Үздік аттестат

2018/2019

2

11 сын-1

9-сын-3

2019/2020

1

11 сын-1

9-сын-3

2020-2021

7

11 сын-4

9-сын-2





Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта  білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын бағалау  өлшемшарттары

Оқыту нәтижелеріне бағдарлана  отырып бастауыш,негізгі орта және жалпы орта  білім берудің  жаңартылған мазмұнына  қойылатын талаптар:


1)Білім беру ұйымының жылдық жұмыс жоспарының болуы және МЖМБС талаптарында айқындалған жалпы орта   білім берудің базалық құндылықтарына, мақсаттары мен  міндеттеріне сәйкестігі (бағаланатын кезеңге жылдық жұмыс жоспарларының   көшірмелері  қосаберіледі)

Мектептің әр оқу жылына арналған  оқу-тәрбие жұмыс жоспарлары бар. Жұмыс жоспарлары  тамыз айындағы педагогикалық кеңестерде талданып бекітілді. Жылдық жұмыс жоспарлар бірнеше тараудан тұрады.

 Жұмыс жоспарының тараулары   жылдық жұмыс жоспарын талдау қорытындыдан басталады, содан кейін мақсат, міндеттер қойылады, мектеп жасындағы балаларды жалпыға бірдей міндетті оқумен қамту тарауы, ұйымдастыру педагогикалық шаралар, кадрлармен  жұмыс, әдістемелік жұмыс, мектепішілік бақылау, тәрбие жұмысы, ата-ана мен жұртшылықпен байланысы, мектептің экономикасын дамыту және материалдық базасын нығайту жұмыстары нақты жоспарланды.

2018-2019 оқу жылындағы мектептің әдістемелік жұмысының мақсаты: Нәтижелі, сапалы білім бере отырып,  бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу. Міндеттері:

  1. Білім беру мен тәрбие үрдісіне инновациялық жаңа технологияларды енгізу арқылы шәкірттердің шығармашылық қабілетін дамыту, білімді өздігінен ала білу дағдысын қалыптастыру.
  2. Оқытуды ғылыми ізденіс жұмыстарымен байланыстыру, зерттеу дағдыларын қалыптастыру, оқушылардың ғылыми-шығармашылық орталықтарының жұмысының мазмұнын жүйелеу.
  3. Ұлттық және әлемдік мәдениет құндылықтарын білетін, түсінетін, адамгершілігі мол ұрпақ қалыптастыру. 
  4. Үштілде оқыту үдерісін енгізу және дамытуға байланысты кешенді іс – шараларды ұйымдастыру жұмыстарын жетілдіру;
  5. Оқытудың мазмұны мен пішінін өзгертуде педагог мамандардың кәсіби өздік білімдерін көтеру мақсатында әдістемелік қызметтің, пән бірлестіктерінің жұмыс белсенділігін арттыру, кәсіби педагогикалық шеберлікпен шығармашылықты дамытуға бағытталған педагогтардың біліктілігін көтеру жұмыстарын жалғастыру;
  6. Инновациялық технологияларды меңгеруге, жаңартылған оқу бағдарламаларын (ұйымдастыру, ғылыми-әдістемелік, материалдық- техникалық, нормативтік) жүзеге асыруға жағдай туғызу;

Осы мақсатты жүзеге асыру үшін семинарлар, тренингтер, коучингтер ұйымдастырылды.

            2019-2020, 2020-2021, 2021-2022 оқу жылдарында «Мұғалімдердің кәсіби шеберлігі мен құзіреттілігін қалыптастыра отырып, жеке тұлғаның жан-жақты дамуына ықпал ету» мәселесі алынды.

           Мектепте сапалы білім беру қызметін көрсетуде іс-шаралар қабылданды, оның нәтижелері ішінара қаралды.

          Педагог кадрлар уақытында аттестациядан, өз біліктіктерін көтеру үшін курстардан жоспарға сәйкес өтеді.

          Салауатты өмір сүруге және оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуға ықпал ету барысында мектепте үйірме мен секциялар жұмыс жасайды. Республикалық, облыстық, аудандық шығармашылық байқауларға, олимпиадаларға оқушылар қатысып жүлделі орындарға  ие болды.

        Сапалы білімнің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында интерактивті сабақтар мен семинарлар,тренингтер, коучингтер ұйымдастырылды. 

    Салауатты өмір салтына және оқушылардың шығармашылық қабілеттерінің дамуына ықпал етуде мектепте спорттық жарыстар, түрлі сайыстар  өткізіледі.

2.Білім беру  ұйымының басшысымен бекітілген жұмыс оқу жоспары мен сабақ кестелерінің болуы және ҚР БҒМ-нің 2012 жылғы 8 қарашадағы №500 бұйрығымен бекітілген (нормативтік   актілерді мемлекеттік тіркеу   тізілімінде №8170 болып тіркелген) бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларына және МЖМБС талаптарына  сәйкестігі. Бағаланатын кезеңге жұмыс  оқу жоспары мен сабақ кестелерінің  көшірмелері қоса беріледі; 

«Балтабай орта  мектебі – мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің   2018-2019,2019-2020, 2020-2021,2021-2022   оқу жылына арналған  оқу жұмыс жоспарлары бар.

2018-2019 оқу жылында 1,2,3,5,6,7,8-сыныптар жаңартылған  білім мазмұны бойынша 4,9,10,11-сыныптар 2013 жылы бекітілген  оқу бағдарламаларымен білім алды. Мектепалды  даярлық сыныбы және 1,2,3-сыныптарда  білім беру  процесі ҚР Үкіметінің 2016 жылғы  13 мамырдағы   №292 қаулысымен бекітілген   Мектепке дейінгі тәрбие мен   оқытудың мемлекеттік  жалпыға міндетті  стандарты, ҚР  БҒМ 2016 жылғы  12 тамыздағы   №499 бұйрығымен бекітілген Мектепке   дейінгі  тәрбие мен   оқытудың   үлгілік  оқу  бағдарламалары, ҚР БҒМ   22.04.2016 жылғы  №391 бұйрығына 1-қосымша  Мектепке   дейінгі  тәрбие мен  оқытудың   үлгілік  оқу  жоспары, ҚР БҒМ-нің  2016 жылғы    15 шілдедегі   №453  бұйрығымен    бекітілген  Бастауыш  білім берудің үлгілік оқу жоспарлары, ҚР БҒМ-нің  2016 жылғы  8   сәуірдегі  №266  бұйрығымен   бекітілген  Бастауыш  білім   берудің   жалпы білім беретін  пәндердің үлгілік  оқу бағдарламалары басшылыққа  алынып жасалды.

4,9,10,11-   сыныптарда  білім беру  процесі    ҚР Үкіметінің  2012 жылғы   23 тамыздағы №1080 қаулысымен бекітілген ҚР мемлекеттік жалпыға міндетті  білім  беру стандарты,ҚР БҒМ-нің 2012  жылғы   8 қарашадағы  №500  бұйрығына   өзгерістер  енгізу    туралы   ҚР БҒМ-нің  2013 жылғы  25   шілдедегі №296 бұйрығымен   бекітілген бастауыш,негізгі  орта, жалпы  орта  білім   берудің үлгілік  оқу  жоспарлары   негізге алып құрылды.Жұмыстық оқу жоспарлары негізінде  инвариантты компоненттер бойынша  жалпы   жүктемемен анықталған  білім алушылардың  апталық оқу жүктемесінің  жоғары  шекті көлемі   сақталды.

5-8 сыныптарда білім беру  процесі ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 13 мамырдағы  №292 қаулысымен бекітілген  Орта білім берудің мемлекеттік жалпыға  міндетті стандарты,ҚР БҒМ-нің 2016 жылғы 23 қарашадағы №668 бұйрығымен бекітілген   жалпы   орта  білім  беретін   пәндердің  үлгілік  оқу   бағадарламалары басшылыққа   алынды. Жұмыс оқу  жоспарының  инварианттық оқу жүктемесі барлық кластарда нақты  сақталды.

2019-2020 оқу жылында 1-10-сыныптар жаңартылған білім мазмұны бойынша, ал 11-сыныптар 2013 жылы бекітілген үлгілік оқу бағдарламаларымен білім алды. 2019-2020 оқу жылында  1-4- сыныптарға арналған  оқу  жұмыс   жоспары  Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығымен бекітілген Бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты; Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы №500 бұйрығымен бекітілген Бастауыш білім берудің үлгілік оқу жоспарлары, 2018 жылғы   4 қыркүйектегі № 441 бұйрығының 6-қосымшасын негізге  алып құрылды. (1- 4 класс- 18 кл.комп) 2019-2020 оқу жылының 1 қыркүйегінен бастап жаңа «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» (АКТ) пәні Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 04.09.2018 жылғы № 441 бұйрығына 6-қосымша және 7 - қосымша оқыту қазақ тілінде және орыс тілінде  жүргізілетін бастауыш білім берудің үлгігіл оқу жоспарында  3 және 4-кластарға  енгізілді. Білім алушылардың апталық оқу жүктемесінің ең жоғарғы көлемі сыныптағы және сыныптан тыс оқу жұмыстарының барлық түрлерін қоса алғанда: 1-сыныпта- 24сағаттан, 2-сыныпта–25сағаттан, 3-сыныпта-29сағаттан,   4- сыныпта  – 29сағаттан.   Оқушылардың жалпы білімділік дайындығы ғылым негіздерін оқыту оқу жоспарының инвариантты компонентінде белгіленген пәндер тізімі мен оларға бөлінген сағат көлемі негізінде жүзеге асырылды.Журналға сыныптар бойынша сағат  сандары толық түсірілді. Негізгі білім беру бойынша 2019-2020 оқу жылында 5-9- сыныптарға арналған  оқу жұмыс жоспарлары ҚР Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы    31 қазандағы № 604 бұйрығымен бекітілген Негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты; ҚР Білім және ғылым министрінің  2018 жылғы 31 қазандағы  № 604 бұйрығымен бекітілген Жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты; ҚР Білім және ғылым министрінің   2012 жылғы 8 қарашадағы  № 500 бұйрығымен бекітілген Негізгі орта және жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарлары, 2018 жылғы 4 қыркүйектегі № 441 бұйрығының 6-қосымшасын негізге алып   құрылды.Оқу жоспары негізінде сабақ кестесі жасалынды.Жалпы орта  білім беру бойынша 2019-2020 оқу жылында 10-сынып жаңартылған білім  мазмұнына көшуіне байланысты негізгі білім беру үшін басшылыққа алынған құжаттарға сүйеніп жұмыс  жоспары жасалды. 10,11-сыныптар жаратылыстану-математика және қоғамдық - гуманитарлық бағыттарын таңдады.11-сынып  үшін оқу  жұмыс жоспарлары ҚР Білім және ғылым министрінің  2018 жылғы  31 қазандағы   604 бұйрығымен бекітілген.Жалпы орта білім берудің мемлекеттік   жалпыға   міндетті стандарты; Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізілген 22-қосымша, оқыту қазақ тілінде жүргізілетін сыныптарға арналған жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын (2013 жылғы 25 шілдедегі № 296 бұйрықпен өзгерістер мен толықтырулар) негізге алып   құрылды.Оқу үрдісін ұйымдастыруда «2019-2020 оқу жылында Қазақстан Республикасының Жалпы білім беретін ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы» Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық  білім академиясының әдістемелік нұсқау хаты пайдаланылды.

2020-2021 оқу  жылында  білім мен тәрбие беру  үдерісін ұйымдастыру  үшін нормативтік құжаттарды негізге ала отырып,оқу жұмыс жоспары жасалды.2020-2021 оқу   жылында 1-11-сыныптардың барлығы жаңартылған білім мазмұны  бойынша   білім алды. Мектепалды даярлық сыныбы    ҚР БҒМ -нің 2012 жылғы  12  желтоқсандағы   №557  бұйрығымен бекітілген  Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың  ҮОЖ, ҚР БҒМ -нің 2016 жылғы 12 тамыздағы №499 бұйрығымен бекітілген  Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың ҮОБ-на сәйкес құрылды. «Денсаулық», «Қатынас», «Таным», «Шығармашылық», «Әлеумет» бес білім беру   саласы және білім беру   салаларының мазмұнын кіріктіру   арқылы іске асырылды.Оқу қызметінің жалпы көлемі -17 сағат,3 сағат  вариативтік компонент,апталық оқу  жүктемесі -20 сағат. 1-4-сыныптарда ҚР БҒМ-нің 2018 жылғы 31 қазандағы  №604 бұйрығымен  бекітілген Бастауыш  білім   берудің  мемлекеттік жалпыға  міндетті   стандарты  (2020 жылғы  5 мамырдағы   №182  өзгерістер мен  толықтырулар   енгізілген), ҚР БҒМ-нің  2018 жылғы  4   қыркүйектегі  №441 бұйрығының  1 қосымшасына   сәйкес оқыту  қазақ тілінде  жүргізілетін    Бастауыш  білім берудің  ҮОЖ-на   сәйкес жүзеге  асырылды. 5-9 -сыныптарда  білім  беру   процесі ҚР БҒМ-нің 2018 жылғы  31 қазандағы  №604 бұйрығымен  бекітілген негізгі және жалпы   білім   берудің  мемлекеттік жалпыға  міндетті   стандарты (2020 жылғы  5 мамырдағы  №182  өзгерістер мен  толықтырулар   енгізілген),ҚР БҒМ-нің  2018 жылғы  4   қыркүйектегі  №441 бұйрығының  4-қосымшасына   сәйкес, 10, 11-сыныптарда 2019 жылғы 15 мамырдағы №205 бұйрығының 2-қосымшасы оқыту  қазақ  тілінде   жүргізілетін жаратылыстану- математикалық бағыт бойынша  және   2019 жылғы 15 мамырдағы №205 бұйрығының 1-қосымшасы оқыту  қазақ   тілінде  жүргізілетін қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша жалпы   орта  білім  берудің   ҮОЖ-на  сәйкес жүзеге  асырылды. 9-сыныптар  үшін    «Зайырлылық  және  дінтану   негіздері» курсы 1сағат    жүргізілді. Білім салалары бойынша 5-класта инварианттық оқу жүктемесі- 29 сағат, 6-класта -29 сағат, 7-класта- 32 сағат, 8- класта- 33 сағат, 9- класта -34 сағатты құрайды. Жоғары білім беру бойыншажұмыстық оқу жоспарының инвариантті компоненті жаратылыстану-математикалық бағыт  бойынша 6 білім салаларынан тұрады.

2021-2022 оқу жылында білім мен тәрбие беру  үдерісін ұйымдастыру  үшін нормативтік құжаттарды негізге ала отырып,оқу жұмыс жоспары жасалды. Мектепалды даярлық сыныптарында білім беру процесі ҚР БҒМ 2018 жылғы 31 қазандағы №604 бұйрығымен бекітілген білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті   білім беру стандартының 1-қосымшасы (2020 жылғы 28 тамыздағы №372 бұйрығымен өзгерістер және толықтырулармен)   Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты»;ҚР БҒМ 2012 жылғы 20 желтоқсандағы №557 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» 2020 жылғы 12 мамырдағы  №195 бұйрығымен бекітілген 1-қосымшасы;  1-4- сыныптарда білім беру процесі  ҚР БҒМ 2018 жылғы 31 қазан   дағы №604 бұйрығымен бекітілген білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті  білім беру стандартының 2-қосымшасы (2020 жылғы 28 тамыздағы   №372 бұй рығымен өзгерістермен және толықтырулармен) «Бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты»; «ҚР бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» Қазақстан    Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы  8 қарашадағы №500  бұйрығына өзгерістер енгізу туралы 2021 жылғы 20 тамыздағы №415 бұйрығына   1-қосымша «Оқыту қазақ тілінде жүргізілетін сыныптарға арналған бастауыш   білім берудің (жаңартылған мазмұнының) үлгілік оқу жоспары»; Қазақстан  Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 26 наурыздағы № 125 бұйрығына 4-қосымша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің  2012 жылғы 8 қарашадағы  № 500 бұйрығына 4-қосымша  Оқыту қазақ тілінде жүргізілетін үйде оқитын білім алушыларға үлгілік арналған оқу жоспары   негізге  алынып жасалды.

5-9-сыныптарда білім беру процесі ҚР БҒМ 2018 жылғы 31 қазандағы №604 бұйрығымен    бекітілген білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті  білім беру стандартының 3-қосымшасы (2020 жылғы 28 тамыздағы №372 бұйрығымен өзгерістермен және толықтырулармен) «Негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты»;«ҚР бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы  № 500 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы 2021 жылғы 20 тамыздағы №415 бұйрығына 6-қосымша «Оқыту қазақ тілінде жүргізілетін сыныптарға арналған негізгі орта білім берудің (жаңартылған мазмұнының) үлгілік оқу жоспары» негізге алынып жасалды. 10-сыныпта білім беру процесі ҚР БҒМ 2018 жылғы 31 қазандағы №604 бұйрығымен    бекітілген білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының  4-қосымшасы   (2020 жылғы 28 тамыздағы №372 бұйрығымен өзгерістермен және толықтырулармен) «Жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты»;   «ҚР бастауыш, негізгі орта,жалпы орта   білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы 2021 жылғы   20 тамыздағы №415 бұйрығына 31-қосымша «Оқыту қазақ тілінде жүргізілетін жаратылыстану-математика бағыты» бойынша және 30-қосымшасы «Оқыту қазақ тілінде жүргізілетін қоғамдық-гуманитарлық бағыты бойынша жалпы орта білім берудің (жаңартылған мазмұнының) үлгілік оқу жоспары» басшылыққа алынды. 11-сыныпта білім беру поцесі ҚР БҒМ 2018 жылғы 31 қазандағы №604 бұйрығымен бекітілген (2020 жылғы  5 мамырдағы №182 өзгерістер мен толықтырулар енгізілген) білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті  білім беру стандартының 4-қосымшасы «Жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты»;«ҚР бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы 2019 жылғы 15 мамырдағы №205 бұйрығына 1-қосымша «Оқыту қазақ тілінде жүргізілетін қоғамдық-гуманитарлық бағыты» бойынша және 2-қосымша «Оқыту қазақ тілінде жүргізілетін жаратылыстану-математика бағыты» жалпы орта білім берудің (жаңартылған мазмұнның) үлгілік оқу жоспары қолданылды. (Көшірмелері берілді)

2018-2019 оқу жылында сабақ кестесі, факультативтік курстардың кестесі  Қазақстан Республикасы Денсаулық  сақтау   министрінің 2017 жылғы 16   тамыздағы № 611бұйрығымен бекітілген «Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық  қағидаларын басшылыққа ала отырып жасалды. Сабақ арасындағы үзілістер ұзақтығы  5 минуттан берілген, 2 және 4-сабақтан кейін 15 минуттық үлкен үзіліс берілген. І ауысым сабақ таңғы 8:00-де басталып, 13:05-те, ІІ ауысым 13:45- те басталып, 18:30-да   аяқталады. Факультативтер мен үйірме сабақтары сабақтан тыс уақытта жүргізіледі.

       2019-2020 оқу жылындағы сабақ кестесі, факультативтік курстардың кестесі  ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2017  жылғы 16 тамыздағы № 611 қаулысымен бекітілген «Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық  қағидалары басшылыққа ала отырып жасалды. Сабақ арасындағы үзілістер ұзақтығы 5 минуттан берілген, 2,4- сабақтан кейін 15 минуттық үлкен үзіліс берілген. І ауысым сабақ таңғы 8:00 -де басталып, 13:05-те, ІІ ауысым 13:45- де басталып, 18:30-да   аяқталады. Факультативтер мен үйірме сабақтары сабақтан тыс уақытта жүргізіледі.

2020-2021 оқу жылында  «Коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты  шектеу шаралары кезеңінде білім беру ұйымдарында оқу  процесін іске асыру  жөніндегі  әдістемелік ұсынымдарды бекіту туралы»ҚР Білім және ғылым  министрінің 2020 жылғы 13 тамыздағыы №345 бұйрығын басшылыққа ала отырып  5-тен 180 адамға дейінгі  контингенті бар ауыл мектептері санитариялық қауіпсіздік шараларын қатаң  сақтай  отырып,сыныптарда  бала   санын 15 адамға дейін штаттық режимде оқыды.Әртүрлі  сыныптар үшін әр уақытта сабақтар  арасындағы үзілісті басталу және  аяқталу уақытын көрсете  отырып сабақ кестесі  құрылды.

2021-2022 оқу  жылында сабақ кестесі әрбір сыныптағы пәндер бойынша оқу сағаттарының нормаларын,мектептің  материалдық-техникалық базасы мен кадр ресурстарын ескере  отырып жасалды. Білім алушылардың бір күндік және апта ішіндегі ой   еңбегінің жұмысқа  қабілеттілігі динамикасын ескеру және  «Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар»Санитариялық қағидаларының 4-қосымшасына сәйкес пәндерді қиындығына қарай  саралап сабақ кестесі құрылды. (ҚР ДСМ 2021 жылғы 5 тамыздағы №76 бұйрығы)

(Сабақ кестесінің көшірмелері берілді)

3) Қазақстан Республикасы Білім және  ғылым   министрінің  2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік  тіркеу   тізілімінде №8424 болып тіркелген) жалпы   білім беретін  пәндер бойынша  үлгілік   оқу  бағдарламаларына сәйкес жүзеге асырылатын инвариантты компонент пәндерінің базалық мазмұнын игеру;

2018-2019 оқу жылында 1,2,3,5,6,7,8–сыныптар жаңартылған білім мазмұны бойынша,4.9,10,11-сыныптар 2013 жылы бекітілген оқу бағдарламасымен білім алды. 1-3-сыныптар ҚР Үкіметінің  2015 жылғы 25 сәуірдегі №327 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік жалпыға міндетті бастауыш білім беру стандарты; 5,6,7,8-сыныптар ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 13 мамырдағы №292 қаулысымен бекітілген мемлекеттік  жалпыға  міндетті білім беру стандарты; 5-8 сыныптарда ҚР БҒМ-нің 2016 жылғы 23 қарашадағы №668 бұйрығымен бекітілген жалпы білім беретін пәндердің  үлгілік  оқу   бағдарламалары, МАД және 1,3-сыныптарда ҚР БҒМ-нің 2016 жылғы 12 тамыздағы №499 бұйрығымен бекітілген мектепке дейінгі  тәрбие мен   оқытудың  үлгілік  оқу   бағдарламаларына,4,9,10,11-сыныптар ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 қаулысымен бекітілген ҚР орта білім берудің  (бастауыш,негізгі орта,жалпы орта білім беру мемлекеттік жалпыға  міндетті  стандарты),ҚР БҒМ 2013 жылғы  3сәуірдегі №115 бұйрығымен бекітілген  жалпы білім   беретін  пәндердің,таңдау  курстары   мен факультативтердің   үлгілік  оқу  бағдарламаларына сүйеніп жасалды. Жаңартылған білім мазмұны бойынша білім беруді ұйымдастыруда оқу бағдарламасы пәндер бойынша ұзақ мерзімді жоспарға сәйкес жүзеге асырылды. Ұзақ мерзімді жоспарға сыныптар мен тоқсандар бойынша оқыту   мақсаттары  енгізілген.Орта  мерзімді   жоспарларда белгіленген мерзімнің   негізгі міндеттері  тұжырымдалады. Әр тоқсанның немесе бөлімнің    тақырыптары көрсетілді. Сонымен қатар дағдылар,оқыту  мақсаттары,сабақта  ұсынылатын іс-әрекет  түрлері,оқу   ресурстары  берілген. 

2019-2020 оқу жылында  ҚР БҒМ 2018 жылғы 31 қазандағы   №604 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік  жалпыға міндетті стандарты,2012 жылғы 8 қарашадағы №500 бұйрығымен бекітілген Бастауыш білім берудің  үлгілік   оқу жоспарлары (2018 жылығы 4 қыркүйектегі №441 бұйрығымен өзгерістер мен толықтырулар 6-қосымшасы ) негізінде жүзеге асырылды.

2019-2000 оқу жылында 1,2,3,4,5,6,7,8,9,10-сыныптар жаңартылған білім мазмұны   бойынша,11-сыныптар 2013 жылы бекітілген үлгілік  оқу бағдарламаларымен білім алады.

2020-2021 оқу жылында 1-11сыныптардың барлығы  жаңартылған білім  мазмұны бойынша білім алады. ҚР БҒМ-нің 2018 жылғы 31 қазандағы №604 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік жалпыға міндетті  стандарты(2020 жылғы 5 мамырдағы  №182 өзгерістер мен  толықтырулар енгізілген). ҚР БҒМ-нің №441 бұйрығына  11-қосымша,19-қосымша негізге алынды.ҚР БҒМ-нің 2020 жылғы 13 тамыздағы «Коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары   кезеңінде  орта білім беру  ұйымдарында оқу процесін іске асыру жөніндегі әдістемелік  ұсынымдарды  бекіту туралы» №345 бұйрығын басшылыққа ала отырып, бала саны 15 білім алушыдан артық болуына байланысты сыныптар екі топқа бөлініп  оқытылды.

2021-22 оқу жылында  ҚР БҒМ нің 2018 жылығы 31 қазандағы №604 бүһқйрығымен бекітілген білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға  міндетті  білім беру стандарты(2020 жылғы 28 тамыздағы №372 бұйрығымен өзгерістер және толықтырулармен)ҚР БҒМ-нің 2021 жылғы  20 тамыздағы   №415 бұйрығына 1- қосымша   «Оқыту  қазақ тілінде  жүргізілетін сыныптарға  арналған бастауыш білім берудің (жаңартылған мазмұнның)үлгілік  оқу жоспары, ҚР БҒМ-нің 2021 жылғы  20 тамыздағы  №415 бұйрығына 6- қосымша  «Оқыту   қазақ тілінде  жүргізілетін сыныптарға  арналған негізгі білім берудің (жаңартылған мазмұнның)үлгілік   оқу жоспары, ҚР БҒМ-нің 2021 жылғы   20 тамыздағы  №415 бұйрығына  30 және 31- қосымша  «Оқыту   қазақ тілінде  жүргізілетін жаратылыстану-математика және қоғамдық-гуманитарлық  бағыты бойынша  жалпы орта білім берудің (жаңартылған мазмұнның)үлгілік  оқу жоспары негізге алынды.

4)Білім алушылардың   таным мәселелерін шешуге және субъективті жаңа  білімді   меңгеруге,ұлттық   дәстүрлерді, мәдениетті зерделеуге және жалпыадамзаттық құндылықтарды  дарытуға бағытталған тәрбие  жұмысын іске асыру(бағаланатын кезеңге тәрбие жұмысы жоспарының  көшірмесі қоса беріледі);

Білім беру ұйымында тәрбие үдерісін құқықтық, әдістемелік және ақпараттық қамтамасыз ету:

         Балтабай орта мектебінің тәрбие жұмысы 2018-2019 оқу жылы бойынша   Білім және ғылым Министрінің 2015 жылғы 22 сәуірдегі № 227 бұйрығымен бекітілген ҚР үздіксіз білім беру жүйесіндегі «МӘҢГІЛІК ЕЛ» ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ ИДЕЯСЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ТӘРБИЕНІҢ ТҰЖЫРЫМДАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ, Ақтөбе облысындағы тәрбие жұмыстарының 2013-2020 жылдарға арналған бағыт-бағдарламасын және Ақтөбе облысы білім басқармасы ММ 01.09.2015ж. №733 бұйрығын негізге ала отырып  жұмыс жасады. 2019-2020 оқу жылында, 2020-2021 оқу жылында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жағдайындағы тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерін қабылдау туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 15 сәуірдегі №145 бұйрығын,  іске асыру негізінде Алматы облысының білім басқармасының 2019 жылғы «19» 08 №252 бұйрығы және Алматы облысының білім басқармасының 2019-2024 жылдарға арналған «Рухани жаңғыру»  бағдарламасын жүзеге асыру аясында тәрбиенің Тұжырымдамалық негіздерін іске асырудың іс-шараларының жоспарын негізге ала отырып жұмыс жасады. Балтабай орта мектебінің тәрбие жұмысының жылдық жұмыс жоспары жаңа оқу жылының басында ҚР үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие тұжырымдамасының негізінде 8 бағытта :

1. Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие;

2. Ұлттық тәрбие;

3. Отбасы тәрбиесі;

4. Рухани-адамгершілік тәрбие (Діни тәрбие, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет);

5. Көп мәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие;

6. Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие;

7.Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі;

8. Дене тәрбиесі

«Ұлттық құндылықтарды бойына жинаған шығармашыл, мәдениетті жеке тұлғаны қалыптастыруға ықпал ету» мақсатында жылдық жоспар жасалынып бекітілді .

Жылдық жоспарға сәйкес төмендегідей жұмыстар атқарылды:

    1 қыркүйек күні 2021 жылғы 25 тамыздағы 36 қаулысына сүйеніп,санитарлық талаптарды сақтай отырып, "Кел балалар оқылық!" атты салтанатты жиыны өткізілді. 1 сыныптар үшін "Кел балалар оқылық!" салтанатты жиыны ашық ауада өткізілді. Іс – шара барысында мектеп табалдырығын алғаш аттаған білім алушыларға биылғы оқу жылында еліміздің мектептері Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын, ағартушы – ұстазымыз Ы.Алтынсариннің 180 жылдығын атап өтетіндігін , көрнекті педагогтың мұралар мен өсиеттері бүгінгі күнге дейін құндылығын жоғалтпандығы туралы айтылды.

   Биылғы оқу жылының ерекшеліктерінің бірі – А.Байтұрсыновтың әдістемесі негізінде әзірленген «Әліппе» мен «Букварь» пәндерінің қайтарылуы. Іс-шара барысында 1 сынып білім алушыларына Әліппе және Букварь оқулықтарын салтанатты түрде сынып жетекшілері табыстады.

Мерекеге арналған 1 сынып   білім алушылары әсерлі өлең жолдарын оқып, көңілді би биледі.

Сонымен қатар 2-11 сынып білім алушыларына «Тәуелсіздік жетістіктері» тақырыбында жеке сыныптарда республикалық сынып сағаттары өткізілді.

                                       

    Жылдағы дәстүр бойынша 01.08.-30.09.2021 ж аралығында жалпы республикалық «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы да өз деңгейінде өтті. Мектеп мұғалімдері 24 аз қамтылған білім алушыға 480.000 тг көлемінде мектеп формасы мен спорттық киімдерін тарту етіп, үлгі боларлықтай жақсылық жасады.





     10 қыркүйек күні мектебімізде Денсаулық күніне орай іс-шара жоспарланып, білім алушыларды дене тәрбиесіне қызығушылықтарын арттыру, салауатты өмір салтын ұстану мақсатында өткізілді.

     Ұлттық тәрбие беру аясында Адилова А, Омаржанова А ұйымдастыруымен «Тіл тағдыры-ел тағдыры» тақырыбында эссе байқауы өткізілді.


      «Жолы болсын әркімнің, орында жол тәртібін» атты сынып сағаттары өткізіліп, жолда жүру ережесінің қауіпсіздігі алдын алынды.

   2021 жылы 17 қыркүйек «Тәуелсіздік жетістіктері!» тақырыбында бірыңғай сынып сағаттары өткізілді. 

Негізгі мақсаты: оқушылардың бойында отансүйгіштік сезім ұялату,ҚР Тәуелсіздік кезіндегі жетістіктерімен таныстыра отырып, білімдерін кеңейту; Отанды сүюге, ел байлығын қорғауға, болашақ Отанымыз Қазақстанды өркендетуге білімді адамдар керек екенін ұғындыру; бүгінгі тәуелсіздікке қалай қол жеткенін зерделеу,  оларды Отаны үшін отқа түсетін ел жанды, ел азаматы етіп тәрбиелеу. 

Қатысушылар: 1-11 сынып білім алушылары



1 қазан Қарттар күніне орай онлайн құттықтау бейнероликтері түсірілініп, Асыл қарттарымызды құттықтадық.Сонымен қатар қарт ұстаздарымызда назардан тыс қалмады. 



2 қазан күні «Ұлағатты ұстаз» атты ұстаздар құрметіне мерекелік сазды бағдарлама өткізілді. Мектеп парламенті өзін-өзі басқару күнін басшылыққа алып, сабақтар өткізілді.


      

Дене шынықтыру пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен мұғалімдер арасында спорттық эстафета жарысы өткізіліп, марапатталды.


Мектебімізде 3 дебаттық клуб, 3 тілде  жүргізіледі.Қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілінде. Мектеп бойынша 45 білім алушы дебат клубының мүшелері. Жетекшілері: Агыбаева Индира, Кадырова Жамиля, Мухамадиева Хатирям, Алиева Эльмира, Машурова Мубарак, Рыспаева Енлик. Жылдық жоспарға сәйкес 2 пікірсайыс өткізілсе, жоспардан тыс 1 пікірсайыс өткізіліп, марапаттау рәсімі өтті. Дебат клубының жүргізілуіне жапты директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ошанова Г өз тәжірибесімен аудан деңгейінде бөлісіп, оң баға алды.Дебат жұмысы өз деңгейінде жүргізіліп келеді.






  Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінде берген тапсырмасына сәйкес  БҒМ «Оқуға құштар мектеп» жобасын бекіткен болатын. Аталмыш жоба «Балтабай орта мектебі-мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде қыркүйек айынан бастап жүзеге асырылып келеді. 

Мектеп оқушысының кітап оқу іс – әрекетін дамыту Қазақстандағы білімді жаңғыртуда басым бағыттардың бірі болып табылады. Ұлттың рухани және интеллектуалды ілгерілеуінің құралы ретіндегі оқылым іс-әрекетіне балаларды және жастарды тарту мақсатында «Оқуға құштар мектеп» жобасының  үлесі маңызды болмақ.  Кітап оқу - білім мен рухани құндылықтарды беру мен меңгерудің бір түрі ретінде, тұлғаны тәрбиелеу және білім беру адамның қоғамда табысты болуына және бәсекеге қабілеттілігінің жалпы деңгейіне әсер ететіні айқын.

   «Оқуға құштар мектеп-оқуға құштар ұлт» тақырыбында ата-аналардың қатысуымен семинар ұйымдастырылып, кері байланыс жасалды. Сонымен қатар аталмыш жоба аясында 5-7 сынып білім алушылары арасында «Арайлы алтын Күз» тақырыбында мәнерлеп оқу сайысы өткізілді. 


Оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру,өскелең ұрпақты қоғамдық шараларға белсене қатыстыру,күз кереметтілігін сезіндіру, оқушы бойындағы талғамын, шеберлігін, танымдылығы мен икемділігін анықтау, эстетикалық тәрбие беру мақсатында   1-4 сынып білім алушылары  арасында «Күзгі сый» тақырыбында көрме ұйымдастырылып. Білім алушыларымыздың қолөнерге деген сүйіспеншіліктерін арттырдық. 

8-10 сынып білім алушыларына онлайн «Мәнерлеп оқу» сайысы жүргізілді.



    Сонымен қатар құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстарын жүргізу барысында келесі оқушылар Бишамов Д, Ткаченко Н, Тохтиев А , темекі шегумен ұсталып, инспекторлар шақырылып 414 бап Әкімшілік құқық бұзушылықтың кодексіне сәйкес ата-аналарына 21.500 көлемінде айыппұл салынып, оқушылардан түсініктемелер алынып, мектеп психологтарымен бірлесе жұмыс атқарылды.

    Аудындық есепте Сембаева Назым Аманжоловна 2019 жылдан тұрады. Бүгінгі күнге дейін есептен алынған жоқ. Сабақтан себепсіз қалған күндері сынып жетекшісі Ошанова Г және әлеуметтік педагог Серебренникова А үйіне барып себебін анықтап, мектеп психологтарымен бірлесе жұмыс атқарып келеді.

    Балтабай орта мектебінің инстаграм және фейсбук парақшалары бар. Подписчиктер саны қазіргі таңда 1013 жеткен. Жалпы публикациялар саны 1261. 1 тоқсан бойынша 195 публикация жарияланған. Әрине, біздің чатқа жіберілген публикация саны одан да көп. Эстетикалық талапқа сай, мазмұнды деген суреттер мен бейнероликтер жарияланып отырды. 

Мектеп бойынша 17 сағат «Жаhандық құзіреттілік» қосымша сабақтары берілген. Атап айтқанда:

  1. 5 «А» «Қасиетті домбыра» - Әділжан Әкімжан
  2. 5 «Б» «Домбыра дастан» - Әділжан Әкімжан
  3. 5 «В» «Хоровое пение» - Литке Ольга
  4. 5 «Г»  «Вокальное пение» - Литке Ольга 
  5. 6 «А» «Домбыра -қазақтың асыл мұрасы» - Әділжан Әкімжан
  6. 6 «Б» « Домбыра – халықтың даналығы» - Әділжан Әкімжан
  7. 6 «В» « Экология» - Даутова Диана
  8. 6 «Г»  « Экология» - Даутова Диана
  9. 6 «Д»  « Экология» - Даутова Диана
  10. 7 «А» «Волейбол» - Нурымов Айдын
  11. 7 «Б» «Эмоционалды интеллект және сыни ойлау» - Алимходжаева М
  12. 7 «В» «Волейбол» - Нурымов Айдын
  13. 7 «Г» «Вокальное пение» - Литке Ольга
  14. 8  «А» «Ақпарттық технологиялар» - Жабикенова Жаңыл
  15. 8 «Б» «Ақпарттық технологиялар» - Тлеубергенова Мейрамгуль
  16. 8 «В» «Настольный теннис» - Бережной Виталий
  17. 8 «Г» «Настольный теннис» - Бережной Виталий

Аталған жаhандық құзіреттілік қосымша білім беруге 245 оқушы қатысады.

Мектепте салауатты өмір салтын сақтау мақсатында әр дене шынықтыру пәнінің мұғалімдеріне 3  сағаттан берілген.

  1. Абжанов Айдарбек – 7 «А» «Тоғыз құмалақ»
  2. Ержанұлы Нұржан – 8 «Б» сынып «Волейбол» 
  3. Османов Рамиз- 5 «Г»  «Футбол»
  4. Абдрахманов Анаят – 6 «Д» «Футбол»
  5. Койлюбаева Ляйля – 8 «А» «Баскетбол»
  6. Абдрахманов Аскержан – 9 «В» «Волейбол»
  7. Бережной Виталий – 10 «Г»  «Үстел теннисі»
  8. Нурымов Айдын – «Шахмат»

120 білім алушы қосымша сабақтарына қатысады.

Барлығы мектепте : 365 білім алушы жаhандық құзіреттілік қосымша білім беруге және салауатты өмір салтын сақтау мақсатында берілген қосымша секцияларға қатысады.

«Оқуға құштар мектеп-оқуға құштар ұлт» жобасы аясында Буккросинг «Өзің оқысаң, өзгеге табыс ет» қағидасына негізделген хобби мен адам және кітап арасын жақындататын, кітап оқуға шақыру өткізілді. Бұл бастаманы мектеп ұстаздары бастап, білім алушыларға үлгі болды. Нәтижесінде білім алушылар қызығушылық танытып қатысты. Мектеп кітапханасында арнайы буккросинг бұрышы жасалған. Кітаптар әліде жинақталуда. 



Сонымен қатар «Оқуға құштар мектеп- оқуға құштар ұлт» жобасының маңызын түсіндіру мақсатында білім алушылардың   ата-аналарына арналған семинар өткізілді.

«Құқық бұзушылықты алдын алу» тақырыбында Ювеналдық аудандық инспектор капитаны А.Акимжановамен бірлесе отырып ата-аналар жиналысы өтті.


5-11 сынып білім алушылары арасында «Кәмелетке толмағандар арасындағы бопсалаушылық» тақырыбында сауалнамалар алынды. Нәтижесінде мектеп білім алушылары арасында бопсалаушылық фактілері анықталған жоқ.

7-11 сынып ұлдарымен «Құқық бұзушылықтың алдын алу» тақырыбында жиналыс өткізілді.
 Мақсаты: мектептегі құқық бұзушылықты, әлімжеттік пен бопсалауды алдын алу.

Балтабай ауылдық амбулаториясының медбикесі Н. Пазушкина «Ерте жүктіліктің алдын алу.Қыздар гигиенасы» тақырыбында 8-11 сынып қыздарына семинар өткізді.


Диспут» дебат клубының мүшелері арасында «Эколог мамандығы» тақырыбында пікірсайыс өткізілді.


Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні және Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арнайы жоспар жасап, бекітілді. 

29.11-30.11 күндері «Елі сүйген, Елін сүйген Елбасы» тақырыбында 1-11 сынып білім алушыларына сынып сағаттары өткізілді.



1 желтоқсан күні «Елі үшін т уған – Елбасы» тақырыбында онлайн құттықтау бейнероликтер түсіріліп,үздік деген бейнероликтер әлеуметтік желілерге салынды. 

https://www.instagram.com/p/CXf5rWdIcHx/?utm_=copy_link

https://www.instagram.com/p/CXf6TzStrwB/?utm_=copy_link

https://www.instagram.com/p/CXf5E9xoF48/?utm_=copy_link

https://www.instagram.com/shcola.baltabai6/p/CXf5ElhtGkF/?utm_=copy_link

6.12 мектеп дәлізінде «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік» атты 1-4 сынып білім алушылары арасында көрме ұйымдастырылды. Білім алушылар өз қолдарымен жасаған бұйымдарын таныстырып, арнайы Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арнап арнайы жасағандары туралы айтты.



7.12 «Тәуелсіздік тұғырым» тақырыбында 6-5 сынып білім алушылары қабырға газеттерін шығармашылықпен салып көрсете білді.


8.12 Қазақстан  Республикасының Тәуелсіздік күніне орай, сондай-ақ жас азаматтарды еліміздің нағаз патриоттары,  өзгерістерден қаймықпайтын, еңбек құмар, білімге құштар, өзін-өзі жетілдіруге   үнемі  ұмтылатын,  өршіл, қайсар етіп  тәрбиелеуді, дәстүрімізді,  ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарымызды қастерлейтін рухани дүниесі   кең  тұлғаны  қалыптастыруды көздейтін  Біріңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы Республикалық Қоғамдық бірлестігінің қатарына мектеп оқушыларын қабылдау рәсіміне арналған іс-шара өткізілді. Аталмыш іс-шараға барлық санитарлық нормаларды сақтай отырып 5 сынып білім алушылары қатысып, “Жас Ұлан” ұйымына қабылданды. 

Ұйымның мақсаты: өскелең жас ұрпақтың бойында патриоттық, білім мен өзін-өзі жетілдіруге деген құштарлық , беріктік, Отан тарихына, Тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағына деген жауапкершілікті қалыптастыру.


8.12 «Тәуелсіз елдің бүлдіршіндері» атты челленджі түсіріліп, өзара сыныптар арасында жіберілді.

9.12 «Тәуелсіздік-мәңгілік елдің тұғыры» тақырыбында Президенттік форматта «Ділмәр» дебат клубының мүшелері арасында пікірсайыс өтті. Пікірсайыс барысында Президент,үміткерлер өздерінің қызықты жобаларын ұсынып, ой бөлісті.

9.12  «Алға Қазақстан!» 8-9 сыныптар флэшмоб билеп, ортаға өз өнерлерін салды. Патриоттық ән көркем, әдемі қимылмен үйлесімдікте болып әдемі көрініс тапты.


11.12 «Тәуелсіздік бабамның аманаты» атты 10-11 сынып білім алушылары арасында  қазақ тілі, ағылшын тілі ассоциациясымен бірлесе отырып поэзиялық кеш өткізілді. Бұл кеште әр білім алушы Тәуелсіздік туралы жүрек жарды өлең шумақтарын жатқа айтып, эмоционалды тұрғыда көрермендерге жеткізе алды. Аталмыш кеш әсерлі және жоғары деңгейде өткізілді.


11.12 «Еңсесін, асқақтатқан Тәуелсіз Қазақстан!» тақырыбында 7-9 сынып білім алушылары арасында патриоттық әндер байқауы өткізілді. Қатысушы білім алушылар белсенді қатысып, байқау тартымды болды. Нәтижесінде Бас жүлде 8 «Б» сыныбы, І орын 7 «А», 7 «Б» сыныптары, ІІ орынға 9 «А», 8 «А» сыныптары иеленсе, ІІІ орынды 7 «В» сынып иеленді. Қатысушы сыныптар марапатталды.

Сонымен қатар 13.12-15.12 күндері аралығында 1-11 сынып білім алушыларына «Тәуелсіздік – мәңгілік елдің тұғыры» атты ашық сынып сағаттары өткізілді.



14.12 Қазақстан Републикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Тәуелсіздік – арманым, жырымды саған арнадым!» атты салтанатты мерекелік іс-шара өткізілді. Іс -шараның қонақтары: Балтабай селолық округі әкімінің орынбасары Камалова Рахат Рахимжановна, Балтабай оқу-өндірістік комбинатының директоры Габбасов Ержан Болатұлы, «ADM» өнер орталығының директоры Оналсын Мади.


Аталмыш іс-шаралардың өту барысы  Instagram, facebook  парақшаларына жарияланды.     

Іс-шаралар жоғары деңгейде өткізілді.Барлық білім алушылар өз Елдерінің  нағыз патриоттары екендігін айқын көрсетті. 

Қашықтықтан қысқы демалыс кезінде  “Діни экстремизм және терроризм” тақырыбында 6-11 сынып білім алушыларына сынып сағаттары өткізіліп, кері байланыс жасалды.



1-4 сынып білім алушыларына дәстүрлі форматта “Мен елімді сүйемін”атты сынып сағаттары өткізілді.


Сондай – ақ «Мемлекеттік рәміздер – ұлт мақтанышы» тақырыбында 1-4,9, 11 сынып білім алушыларына дәстүрлі форматта сынып сағаттары өткізілді.
 Мақсаты: білім алушылардың аса маңызды мемлекеттік белгілер – рәміздер жөніндегі білімдерін жан – жақты сарапқа салу, оларға мемлекеттік белгілердің аса маңызды екенін ұғындыру, оны ерекше құрметтеп, мақтан тұту керектігін ашып көрсету.


5-9 сынып білім алушылары арасында «Ата заңым-айбыным» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді.
 Мақсаты: Оқушылардың Конституция туралы түсініктерін кеңейту, Конституцияда көрсетілген нормалар мен құндылықтарды құрметтеуге, өз құқықтарын, бостандықтары мен міндеттерін білуге тәрбиелеу, конституциялық патрио

тизм сезімін дамыту.








Ата –аналармен «Баланың бас ұстазы-ата-ана» тақырыбында рухани әңгіме жүргізілді.

Кітап-адамзат баласының баға жетпес асыл құндылығы.“Оқуға құштар отбасы” жобасы аясында отбасалық оқуды ұйымдастырдық.Бұл шараға сыныптағы оқушылар ата-аналарымен белсене қатысуда.“Оқуға құштар -мектеп,оқуға құштар-отбасы” идеясы біздің мақсатымыздың дұрыс бағытын көрсетіп отыр.

    Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев: "Кітап оқу—рухани кемелденудің көзі. Қазіргі уақыт—секунд сайын жаңарған ақпарат заманы.   Алтын уақытымызды пайдалы істерге жұмсағанымыз жөн", —деп, рухани байлықтан алыстаған барша  халқына "Оқуға құштар мектеп" жобасын ұсынып, оқуға тиісті деген маңызды 30 таңдаулы кітаптың да тізімін атап өтті. Осы жобаның ауқымды, жүйелі, жоспарлы жұмысы мектебімізде 2021-2022 оқу жылының қыркүйек айынан жүзеге асырылды. "Оқуға құштар мектеп", "Оқуға құштар ұлт",  "Оқуға құштар сынып", "Оқуға құштар отбасы" жобасы аясында сынып жетекші, білім алушы, ата-ана болып "Үштік одақ" жұмыла белсенді оқуға кірісті. Әр сынып сыныптан тыс 20 минуттық үзілісте таңдаған шығармаларын оқып, жаттап, сыни талдап, күнделікті оқу күнделігіне кері байланысын жазбаша жазуда.   Одан әрі оқыған шығармасының мазмұнына буктрейлер түсіріп, басқа сыныптарға жарнамалау мақсатында  бірге оқуға шақыра үндеді.   Бұл жобаның мақсаты айқын, болашағы жарқын екенін сезінген білім алушылардың көркем әдебиетке деген құштарлығы күннен-күнге артып келеді.  Сонымен қатар,   сынып жетекшілер арасында   іс-тәжірибе алмасып,  сыныптағы нәтижелі оқу барысындағы түрлі әдістерімен бөлісу мақсатында 2 рет жемісті семинар   ұйымдастырылып өткізілді. Ал, бүгінгі күні 3-ші  мәрте  "Білімнің бастауы—бастауыш",-демекші, бастауыш сынып жетекшілері арасында   " Кіші мектеп жасындағы балаларды оқуға үйрету әдістемесі" тақырыбында ойын баласын оқуға машықтайтын әрі буындап, тізбектеп, дұрыс оқу нәтижесі арқылы оқу техникасының жылдамдығын үдететін және ұйқы алдындағы отбасылық оқу әдіс-тәсілдерімен  жоғары деңгейде сөз сөйлеп, өз тәжірибелерінің дәлелін слайд арқылы көрсетті. Осындай шебер сабағымен бөліскен бастауыш сынып мұғалімдері:  Г. Стамжанова мен Л.В. Полторобатькоға, З.С.Рузиеваға және Э.Ш. Оскенбаева мен А.Е.Ошановаға алғысымыз шексіз.

   Тәрбиелік мәні жоғары, білім беру жүйесінде айрықша ойып орын алатындай рөлі жоғары семинардың  қорытынды кезеңінде, алдыңғы 2 семинар барысында білікті  маман екенін көрсетіп, білімді білім алушыларын оқуға құштар ете білген және бірнеше буктрейлер түсіріп, өзінің жоспарлы жұмысын көрсеткен мұғалімдер: И. С. Агыбаева мен Б. Т. Қурмантаева мадақтама грамотасымен және А.Ж. Алимбекова,  Л.Н. Прокудина,  Г. Құрмаш,   А.М.Мухамедилова,  Г.Н. Уристенбаева алғыс хатпен марапатталды. 


     Мектеп бойынша құқықбұзушылық фактілері анықталды. Атап айтқанда Имаржанов Эльмурат, Турдиев Ильяр, Снигерев Ян білім алушылары электрондық шылым шегумен ұсталды. Мектеп әкімшілігі ауылдық учаскелік полиция капитаны Э.Есеркеновты шақырып, ата-аналарына айыппұл салынды. Ата-аналары және балаларымен қажетті профилактикалық жұмыс жүргізілді. 

Сонымен қатар Балтабай ауылы, Мектеп көшесінде орналасқан «Алтынай» дүкенінде 5,6, 7, 9 сынып білім алушылары ұрлықпен ұсталды. Ескерілетін жайт аталған сыныптардың білім алушылары арасында үздік оқитын да оқушылар анықталды. Дәлелдеме ретінде дүкен ішінде орналасқан бейне бақылауға түскен видеолар көрсетілді. Ата-аналар, білім алушылармен мектеп психологтары жеке сөйлесіп, қажетті жұмыстар атқарылды.

Еңбекшіқазақ АПБ ЖПКБ ЮПТ  Аға инспекторы, полиция капитаны А.С. Акимжановамен ата-  аналар жиналысы өтті.
 Мақсаты: Оқушылардың құқық бұзушылығын алдын алу, ата- аналардың  құқықтық тәрбиесін арттыру.


Жоспарға сәйкес ОДН есебінде тұратын білім алушының тұрмыстық үй жағдайы үнемі тексеріліп келеді. 


«Ділмәр» дебат клубы мүшелерімен жоспарға сәйкес «Құқығын білмеген құл болады» тақырыбында онлайн форматта пікірсайыс өткізілді.

Білім алушылардың тыйым салынған және күдік туғызатын әлеуметтік желілерге кірулерін анықтау, бақылау, талдау жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде кибербуллинг анықталып, ата-аналары және оқушылармен жеке жұмыс жүргізілді.

2 «А» сынып оқушысы Ертай Ақерке, аудандық " Оқығанды балалар,ықыласпен тоқылық" атты балалардың жылдам оқуы сайысында білімімен танылған , l- орын иеленсе Амантұр Айзере 2 орынға ие болды. Ұйымдастырушы  Бошугулова Зинахан Қырғызбайқызы , Еңбекшіқазақ аудандық кітапхана директоры және Манапова Жанаркуль Мерекеевна. Сынып жетекшілері: Ошанова Анар, Жигитекова Мақпал .

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жылдығана орай Мәнгілік ел жастар қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өткізілген "Тәуелсіздік- тәңір сыйы "атты мектеп оқушыларына арналған Республикалық байқаудың "Мәнерлеп оқу« кезеңі бойынша 1"А"сынып оқушылары 1- орын алған Бақдәулет Эрніс , Нұрланұлы Қайсар және шәкірттерді дайындап,олардың шығармашылықтарын шыңдай білген бастауыш сынып мұғалімі Аджанова 

Айна Бейсембаевна "Алғыс хатпен " марапатталды. 





«Мектеп лигасы» аясында 5-6 сынып ұлдары арасында өткізілген аудандық Футзал жарысында 3- орынға ие болды. Дайындаған: А.Абдрахманов, Р.Османов





«Дойбы» ойынынан мектепшілік жарыс өткізіліп, жеңімпаздар марапатталды. Атлмыш ойынға білім алушылардың қызығушылығы арта түсті.

«Мектеп лигасы» аясында аудандық «Стритбол» жарысынан Балтабай орта мектебі жүлделі 2 – орынға ие болды. Жаттықтырушысы: Л.Койлюбаева


Аянат өнер орталығының есептік концертіне қатысып үздік өнер көрсеткені үшін «Үкілі домбыра» номинациясы бойынша Тілеу Айгерім, Сатыпалды Лашын, Серік Әділхан, Салауатқызы Кәусар, Мәден Жайна марапатталды.

   07.02.2022-14.02.2022 оқу жылы аралығында «Мектебіңе сезіммен гүл сыйла» атты акциясы ұйымдастырылып өткізілді. Акцияға мектеп ұстаздары, білім алушылар белсенді қатысты. Барлық қатысушылар номинациялармен марапатталды.



14.03.2022 жылы «Ұлы Наурыз –жаңа жыл басы» атты сынып сағаттары өткізілді. Сынып сағаттарда «Наурыз» мерекесінің мән- мағанасын, Қазақстанда тұрып жатқан көп ұлттар  туралы балаларға түсіндірілді. Нәтижесінде білім алушылардың қазақ халқының ежелден сақталып, атадан балаға мұра етіп қалдырған ұлттық салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар жөнінде түсініктері тереңдете түсті, халқымыздың салтын ұмытпай жалғастыруға баулыды.


     Жоспарға сәйкес 16.03.2022 жылы 1-4 сынып білім алушылары арасында “Бақ дарытар құт Наурыз!” атты жас суретшілер байқауы өткізілді.
 Мақсаты: Ұлыстың ұлы Наурыз мерекесін атап өтуі туралы толық мағлұмат беру, халқымыздың салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын үйрете отырып өнегелі, өнерлі азамат болып бірлікке, достыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу;
 Жас суретшілерді анықтау.
 Аталмыш сурет байқауы көрісу амалынан басталды. Білім алушылар көтеріңкі көңіл-күймен кірді. Байқауды ұйымдастырушы Б.Курмантаева сөз алып байқаудың мақсаты мен ережесімен таныстырып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Сурет салу кезеңі аяқталғаннан кейін қатысушылар өз жұмыстарын қорғады. Наурыз мерекесі туралы білетін өлең жолдарын мәнерлеп оқып, би биледі. Өткізілген байқа бойынша қорыт
ынды жасалып, қатысушыларға алғыс білдірілді. 




   Наурыз мерекесі қарсаңында  А.Серебренникова, Э.Алиеваның ұйымдастыруымен «Кең болсаң-кем болмайсың!»,-демекші тұрмыс жағдайы төмен отбасыларға, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға азық-түлікпен көмек көрсетілді. Аталмыш акция мектепте үнемі жүргізіліп келеді.

Мектепте «Жүрек жылуы» атты жас ұстаздардан тұратын еріктілер тобы бар. Еріктілер тобын мектеп психологы А.Габбасова жетекшілік етеді. Мектеп еріктілері осы ретте жалғыз басты қарттардың  ауласын жинастырып,ауладағы өскен ағаштарды кесіп, тазартты. Жұмыстарын аяқтаған соң, ақ жаулықты Анамыз еріктілер тобына ақ батасын беріп, ризашылығын білдірді. 


   Зейнеткерлік жастағы  аға буынның еңбек жолын кейінгі ұрпаққа  насихаттау, оларды қастерлеу мақсатында  «Дария кеуде тау мүсін,қарттарым аман саумысың» атты дөңгелек үстел өткізіліп, өз саласында қызмет еткен қарттарға құрмет көрсетілді .

   Балалар  қолдан даярлаған бұйымдарынан «Берекелі Наурыз» атты қолөнер шеберлерінің көрмесі жасалды.
 «Ұлттық  дәстүр»  тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды.

«Наурыз» мерекесінің мән-мағынасын балалар мен жастарға түсіндіру, қазақ халқының салт-дәстүрін насихаттау мақсатында
 «Ұлы Наурыз- жаңа жыл басы!» эссе байқауы өткізілді.

« Әр отбасынан бір ағаш» отбасылық челленджі әлі де жалғасын табуда

Мектепте тазалық жұмыстары (сыпыру, ақтау, жөндеу,жұмыстары ) жүргізілді.

Театрдың тарихи жағынан қалыптасып, даму, өсіп-өркендеу жолы әрбір ұлттың, әр халықтың өмір-тұрмысымен, олардың жалпы тарихымен және тұрлаулы мәдениетімен тығыз байланысты. Басқа өнер түрлері сияқты театр өнері де қоғамдық ой-сананың негізгі бір формасы болып табылады. Театр жобасы біздің де мектепте дамып, кең өріс алып келеді. Наурыз мерекесіне орай бастауыш сынып білім алушылары арасында “Әжемнің ертегісі” тақырыбында сахналық көрсетілім көрсетілді. Қатысушы білім алушыларымыздың ақ жаулықты әжелері келіп, немерелерінің сүйікті ертегісімен бөліссе балалар рөлге кіріп, ертегі кейіпкерлерін сомдады. Көрермендердің ішкі жан сезіміне әсер етіп, эстетикалық мақсат-мұратына жетті.

22.03.2022 жылы «Ұлыстың ұлы күні Наурыз» атты мерекелік үлкен іс-шара өткізілді. Мерекелік концертке ауыл ақсақалдары, тұрғындары қонақ болып келді. Мерекелік іс-шара Қадыр атаның ақ бастасынан басталды. Мектеп білім алушылары бірдей қазақы нақышта тігілген киім үлгілерімен сахна ортасына шығып, әдемі ән, ұлттық билерімен мерекелік көңіл-күй сыйлады. «Рухани жаңғыру» аясында 8-9 сынып білім алушылары «Тұсау кесер», «Беташар» салтын сахналады. Іс-шара соңында мектеп ұжымы келген ауыл тұрғындарына, мектеп білім алушыларына ақ дастархан жайып, көже, палау тағамдарын тарту етті. Мектеп ассоциация мүшелері «Бауырсақ Party» іс-шарасын өткізді.



Кезекшілік кестесіне сәйкес мерекелік күндері рейд жүргізілді.


Жоспарға сәйкес аптасына екі рет мектеп асханасының жұмысы және тазалығы арнайы құрылған комиссия мүшелерімен тексеріліп отырады. Осы тоқсанда 3 ескерту беріліп, қателіктер түзетілді.



Көктем демалысының жоспарына  сәйкес 1-4 білім алушылары «Мамандықтар әлеміне» саяхат жасады.
 Мақсаты: мамандық таңдау мәселесін белсенді арттыру, мамандық әлемі туралы ақпарат алу арқылы және өзін тану шекарасын кеңейту арқылы мамандық бағытын таңдауда жауапты шешім қалыптастыру.


Сәуір айында «Буллинг, кибербуллинг» тақырыбында 1-11 сынып білім алушыларына сынып сағаттары өткізілді.


«Діни экстремизм мен терроризм» тақырыбына 9-11 сынып білім алушылары арасында профилактикалық әңгіме жүргізілді.


  9, 11 сынып білім алушыларына «Кәсіби бағыт-бағдар беру»
  жұмысы үнемі жүргізілуде.

Халық ертегілерінің бала дүниетанымын қалыптастырудағы маңызы аса зор. Ертегілер- ертеден келе жатқан көне жанрлардың бірі. Ертегінің қай түрін алсақ та ол баланың ой-қиял ұшқырлығын күшейтеді, мінез-құлқын,ерік-жігерін қалыптастырады.Сондықтан ертегіні оқытуда оның жанрлық ерекшелігін ескеріп,тәрбиелік мақсатына айрықша көңіл бөлгеніміз жөн. Осы орайда Балтабай орта мектебіндегі “Оқуға құштар -мектеп” жобасы аясында ұйымдастырылған “Әжемнің ертегісі” атты іс-шарада 3 “А” сынып білім алушылары “Жеті лақ”ертегісін сахналап қойды.

Іс-шара мақсаты:Балаларға ертегіні көңілді қабылдауға үйрету, сахналап беруге талпындыру,кейіпкердің мінез-құлқын сезіндіру, есте сақтау қабілеттерін қалыптастыру, ауызекі сөйлеу тілін дамыту.Қойылым барысында балалар өздеріне берілген кейіпкердің рөлін тамаша сомдап шықты.Ертегіні қою барысында балалар бөтен адамға есік ашпау,ата-ананы,ұстазды тыңдау және өмірде тапқыр болу керек екендігін түсінді.Шындығында,ертегі айту еріккеннің ермегі емес,жас жеткіншектерді сөз өнерінің қыры мен сырына жаттықтырып тәрбиелеу мектебі болып саналады.


12 сәуір күні – еліміздің ғұлама геолог-ғалымы, көрнекті қоғам қайраткері, академик Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың туғанына 123 жыл толып отыр. Осыған орай Балтабай орта мектебінде сынып сағаттары өткізілді.
 Академик Қаныш Имантайұлы Сәтбаев қазақ халқы мен Қазақстан тарихында ғылымның негізін қалаған көрнекті геолог-ғалым ретінде ғана емес, сондай-ақ өз заманының асқан сөз шебері, ойшылы және белгілі қоғам қайраткері ретінде де ерекше орын алады. Қазақ тау-кен ісінің бастау алып, жер қойнауын зерттеу ісінің қалыптасуы, Жезқазғанның дамуы академик Қ. Сәтбаевтың есімімен қаншалықты тығыз байланысты болса, ғалымның ғылыми еңбек жолы Қазақстанның экономикалық және рухани түрде дамуымен да соншалықты тығыз байланысты. Сынып сағаты барысында мектеп білім алушылары  Қаныш Сәтбаевтың еңбек жолы туралы презентацияларын қорғады.Өз өмірін геология, тау-кен ісімен және металлургиямен байланыстырғысы келетін жас ұрпақ үшін көрнекті ғұлама ғалымның өмірі мен ғылыми қызметі үнемі үлгі болып қала береді.


5-11 сынып оқушылары «Қауіпсіз интернет» тақырыбында қабырға газеттерін салып, көрме жасалды.
 Негізгі мақсаты: Оқушылардың интернет жайында түсінігін анықтай отырып, тіл байлығын, ой ұшқырлығын дамыту. Оқушылар жасаған интернеттің оларға қаншалықты пайдалы екенін айта отырып, зиянды жақтарын да ашық жазуға тырысқан. Тіпті, интернет адамға қанша пайдалы болғанымен, оған деген кейбір адамдардың тәуелді болып қалатынын да айтқан. Алайда, интернетті адам баласы ойлап тапқандықтан, одан өзін шектей білу керектігін жазған. Және де көп оқушы өздерінің жиі пайдаланатын сайттары мен әлеуметтік желілердің атын да жазып көрсеткен.


Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай білім алушыларға сынып сағаттары өткізілді.


2022 жыл "Балалар жылы" жариялануына байланысты "Балалар және театр" жобасы аясында 1"А" сынып оқушыларының қатысуымен А.Байтұрсыновқа 150 жыл толуына байланысты "Айна мен маймыл" атты қырық мысалда көрініс көрсетілді.
  

«Мемлекеттік қызмет елдің мүддесіне адал еңбек» тақырыбында 8 сынып білім алушыларына эссе жазылды.


18-22 сәуір аралығында мектепалды даярлық тобы мен шағын орталық тәрбиеленушілерінің "Бақытты балалық шақ" атты апталығы өтті.
 Апталықтың мақсаты:"Денсаулық","Коммуникация","Таным","Шығармашылық","Әлеумет" білім беру салалары бойынша   тәрбиеленушілерді заман талабына сай жаңа технологияларды сабақ барысында пайдалану арқылы білім нәрімен сусындандырып,ертегі кейіпкерлерінің жақсы жақтарынан үйренуге,жаман жақтарынан жиренуге тәрбиелеу. 2022 жыл балаларды қорғау жылы аясында жүргізілген іс-шаралар арқылы бүлдіршіндерімізді отансүйгіштікке,патриотизмге тәрбиелеу. Апталық барысында шағын орталық пен мектепалды даярлық тобы тәрбиеленушілері өздерінің алған білімдерін ортаға сала білді.


7-мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай өткізілген іс-шаралар жоспары құрылып, бекітілді.
 
   Қазақстан Қарулы Күштеріне 30 жыл толуына орай «Ерлік – ұрпаққа мұра» атты сынып сағаттары өткізілді.
 
Мақсаты:
 
 1. 7-мамыр – Отан қорғаушылар күнін дәріптеу, ерлік көрсеткен ата-бабаларымыздың ерлік істерін қастерлеп, үлгі өнеге тұту.
 
2.Оқушылардың ой-өрістерін, сөздік қорларын дамыту, мәнерлеп оқу дағдыларын жетілдіру.
 
3. Жас ұрпақты Отанды қорғауға, үлкендерді сыйлауға, елін-жерін сүюге, аға ұрпақтың өсиетіне адал болуға тәрбиелеу.


Мектеп кітапханашылары А.Ахметова, К.Насридинованың ұйымдастыруымен 03.05.2022 ж «Ер жігіт – ел қорғаны» тақырыбында кітап көрмесі өткізілді.

Мерекеге орай мектеп білім алушылары «Қазағым менің – Ұлы елім» атты бейнероликтер түсіріп, ұсынды. Әр сынып өздерінің шығармашылықтарына қарай бейнероликті әрлеп, туған жерлеріне деген махаббаттарын білдірді. Білім алушылар аталмыш бейнероликте өз Отанын сүйетінін, Қазақстанда тұратынын мақтаныш етіп, туған халқының тілін, мәдениетін, салт-дәстүрін қастерлейтіндіктері туралы айтты.


Көркем еңбек пәнінің мұғалімдері Б.Курмантаева, С.Койлюбаеваның ұйымдастыруымен «Біз Отанның болашақ ұланымыз» атты көрме жасалды. Көрмеге білім алушылар өз қолдарымен тақырыпқа сай дайындаған шығармашылықтарынан ең үздік деп танылған бұйымдарын, салған суреттерін қойды. Көрмені мектеп білім алушылары үлкен қызығушылықпен тамашалады.


  06.05.2022 ж 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне және Ұлы Отан соғысының 77 жылдағы Кеңес Одағының батыры Әлия Молдағұлованы еске алуға орай мектепшілік қыз балалары арасында «Мерген Ару» сайысы өткізілді.
 
Мақсаты: Өскелең ұрпақты Қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеу және олардың азаматтық сана – сезімдерін қалыптастыру.
 
Міндеттері: 
 
Сайыс әрекеті негізінде оқушылардың бастамашылдығын және дербестігін дамыту;
 
Салауатты өмір салтын қалыптастыру және қолданбалы спорт түрлерін насихаттау;
 
Ойын арқылы балалар арасындағы бауырмалдық, ынтымақтастық пен достықты нығайту.
 
Сайыс алдында пневматикалық винтовкадан спорттық атыс бойынша жаттығу жүргізілді.
 
Атыс ашық нысанасы бар пневматикалық винтовкадан жүргізіледі. Ату дистанциясының арақашықтығы – 10 метр. №8 «П» спорттық нысана. Атыс жалпы- тірекпен тұрып ату. Атыс саны-8 (байқау атысы-3, есепке алынатын атыс-5). Атуға бөлінген уақыт-10 минут.
 
Сайыс жеңімпаздары 1,2,3 жүлделі орындармен марапатталды.

Ұлы Жеңіс күніне 77 жыл толуына орай «Ұрпаққа ұран болған ұлы Жеңіс» атты ерлік сағаттарын, тәрбие сабақтары өткізілді.
 
Мақсаты: Ұлы Отан соғысы, оның зардаптары, Ұлы Жеңіс туралы мағұлмат беру. Отан үшін жан қиған аталар мен апалардың, соғыстан оралған, қазіргі кезде арамызда жүрген ардагерлеріміздің ерлігін үлгі ете отырып, оларды құрметтеуге тәрбиелеу.



05.05.2022 ж мектеп кітапханасында «Ұлы Отан соғысындағы қазақстандық ұшқыштар» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге Ұлы Отан соғысындағы қазақстандық ұшқыштарға арналған кітаптар қойылды. Көрмемен мектеп кітапханашысы Насридинова К. таныстырып, баяндады.

Ұлы Жеңіс мерекесіне орай 2-4 сынып оқушылар арасында "Желбірей бер, Жеңіс туы, мәңгілік" атты сурет байқауы өткізілді.
 Мақсаты: Балаларды адамгершілікке, Отанын сүюге, оны қорғауға баулу. Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, оларға патриоттық тәрбие бере отырып, өз елін, жерін қастерлейтін саналы да парасатты азамат етіп тәрбиелеу. Ұлы Отан соғысы жылдарында ерлік көрсеткен батырларымызды   еске алу, кейінгі ұрпаққа үлгі өнеге ету.

9 мамыр  - Ұлы Жеңіс күніне орай  "Жеңіс туы желбіресін" атты үздік шығармалар  байқауы ұйымдастырылды. 
 
Мақсаты: білім алушылардың патриоттық рухын көтеру арқылы сыни ойлату барысында Ұлы Отан соғысы туралы ақпараттанып, батырларымыздың ерлігін мәңгі жырлату. Сол арқылы жеңіс сөзінің тәтті дәмі сезіндіру. Сонымен қатар, сауаттылықтарын арттыру.

   25.05.2022 ж  5-11 сынып білім алушыларына “Жас түлек-2022 Қазақстанның ертеңі” атты салтанатты жиыны өткізілді.
 Мақсаты: мектеп дәстүрлерінің сабақтастығын сақтау, отансүйгіштік пен әлеуметтік жауапкершілікті, ұстаздарға, ата-аналарға, мектепшілік достарына алғыс сезімін, туған мектепке деген құрмет пен сүйіспеншілікті қалыптастыру. Міндеттері:- қазақстандық мектеп түлектерінің имиджін арттыру;- «Алтын белгі» және ерекше үлгідегі аттестат иелерін марапаттау арқылы білімді ұлт идеясын насихаттау;- болашақ мамандықты таңдау мақсатында кәсіби бағдар беру жұмысын белсендіру;- жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған түлектерге қолдау көрсету;- мектеп бітіру іс-шараларын БАҚ-та ақпараттық қамтамасыз ету және ауқымды жариялау.Аталмыш іс-шараның қонақтары:1. Балтабай ауылдық оқу-өндірістік комбинатының директоры Габбасов Ержан Болатұлы.2. Балтабай селолық округі әкімшілігінің бас маманы Хан Роза Владимировна.Іс-шара 9:00-9:45 уақыт аралығында бұйрыққа сәйкес өткізілді.


Қазақ тілі мен әдебиеті бағыты ассоциациясының мақсаты:
 1. Мұғалімнің кәсіби шеберлігінің шыңдалып өсуіне, жан-жақты жетілуіне бағыт-бағдар беру, жағдай туғызу арқылы жаңа педагогикалық технологияларды енгізу.
 2. Жан-жақты дасмыған, өзіндік танымдық дағдылары қалыптасқан, шығармашылық қабілетті жеке тұлғаның ауызша және жазбаша тілін дамыту бойынша жүпргізілетін жұмыстың озық әдіс-тәсілдерін тиімді пайдалану.
 3. Критериалды бағалау туралы мұғалімдерге түсінік қалыптастыру, бағалаудың түрлері қалыптастырушы және жиынтық бағалауды, бағалау үдерісін жақсартуды ұғындыру.

Қазақ тілі мен әдебиеті бағыты ассоциациясының міндеті:

  1. Оқу-тәрбие үрдісінде жаңа технологияны қолдану;
  2. Педагогикалық тәжірибені оқыту және дамыту;
  3. Мұғалімдердің жаңартылған білім беру бойынша үздіксіз білім алуын және жоғары деңгейлі кәсіптік шеберліктерін үнемі жетілдіріп отыру;
  4. Қазақ тілі мен әдебиетін оқытуда оқушылардың білім сапасын арттыру;
  5. Қазақ халқының салт-дәстүрін, мәдениетін, тілін, дінін, мемлекеттік рәміздерін насихаттап, құрметтеуге баулу;
  6. Мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту.

Күтілетін нәтижесі:

  1. Жаңа педагогикалық технологияларды меңгерге білімді педагог ақпараттық коммуникациялық құралдардың көмегімен жүргізілген сан алуан жұмыстардың нәтижесі;
  2. Мемлекеттік тілде ауызша сауатты сөйлей білетін, жазбаша сауатты жаза білетін білетін тұлға.

  Балтабай орта мектебінің 6 «Б» сынып оқушысы Сатыпалды Лашын мұғалімдер күніне орай, «Ұстазым, менің ұстазым» атты Республикалық дарынды балалар мен жасөспірімдер арасындағы өнер байқауынан бас жүлде иеленді. 



Балтабай орта мектебінің 6 «Б» сынып білім алушылары Республикалық қашықтықтан өткізілген олимпиада жеңімпаздары: Сатыпалды Лашын, Смағұл Динара, Қастерқызы Ләзина, Бектұрсынқызы Ақерке, Сабит Айнара, Тілеу Айгерім, Құдайберген Дариға бас жүлде және 1-дәрежелі дипломдармен марапатталды.



«Алматы облысы білім басқармасының Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Балтабай орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» 

коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі Агыбаева Индира Сериковна Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Еңбекшіқазақ аудандық білім бөлімінің «Құрмет грамотасымен»   марапатталды.

     Балтабай орта мектебінің 6 «Б» сынып білім алушылары: Сабит Айнара, Жексенбай Ернұр, Тілеу Айгерім, Ескендір Толғанай  Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы ұйымдастырған «Туған жер – тұғырым, Туған жер - Отаным» жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасындағы командалық жобалардың ашық шығармашылық конкурсына қатысқандары үшін сертификатпен марапатталды.








Егеменді еліміздің бәсекеге қабілетті ұрпағын оқыту мен тәрбиелеудегі атқарған шығармашылық ізденістері мен кәсіби шеберлігін ұтымды пайдаланып және біздің шығармашылық ұжымымызбен тығыз байланыста болған үшін Адилова Асем Нурикановна «Абай» төсбелгісімен марапатталды. 

Бірлестік мүшелері алты мұғалімнен тұрады. Бәрінің білімі жоғары. Бірлестіктің оқыту проблемасы: оқушыларға сапалы білім берумен қатар оқытудың тиімді жолдары мен жаңа әдіс-тәсілдерін тәжірибеге енгізе отырып оқушылардын жеке шығармашылық мүмкіндіктерін ашу,Қазақстандық отан сүйгіштікке тәрбиелеу.Бірлестіктің әдістемелік онкүдігі желтоқсан айында өтті. Желтоқсан айында белгіленген жоспар бойынша іс-шаралар жүргізілді. Әр пән мұғалімдері жаңа-әдіс тәсілдерді пайдалана отырып ашық сабақтар откізді. Тарих пән мұғалімдері мынандай сабақтар өткізді. 20.12.2022ж ашылуы Тәуелсіз Қазақстан. 21.12.2020ж  ашық сабақ 8Г «Переход от политики военного коммунизма» к НЭПу. Пән мұғалімі: Надырбеков Н.К. 22.12.2020ж  сайыс сабақ 5а-5б сынып «Тарих сұңқарлары» Пән мұғалімдері. Нұрымов Е.Н, Асқарбек А.М. 25.12.2022. Ашық сабақ, Қазақстан Асамблеясының рөлі. Пән мұғалімі: Какенеева Л.С. 

Осылайша, Апталық аяқталды 28.12.2022ж Тәуелсіздіктің 30 жылына шолу челлендж. Он күндік қанағаттанарлық деп бағаланды.

Жыл бойына жинақтаған мұғалімнің жетістігі: 

Асқарбек Ақмади:

- Nio.kz Республикалық Ұлттық Интернет Олимпиада сайты Қазақстан тарихы пәнінен ұйымдастырған қашықтық олимпиадасы 3 дәрежелі диплом

- КИО олимпиадасы аудан бойынша 1 орын үшін мадақтама Қазақстан тарихы бойынша мұғалімдерге арналған дәрежелі диплом Асқарбек Ақмади

- «Ustaz tilegi» ғылыми-әдістемелік орталығы ұйымдастырған Республикалық Тарих пәнінен ұстаздар арасындағы онлайн олимпиада 2 дәрежелі диплом Асқарбек Ақмади

5-9 сынып оқушылары арасында республикалық <<Тарих ата>> қашықтық олимпиадасының жүлдегерлері 

1.Краснодедова Диана-2 дәрежелі диплом

2.Щебетунов Игорь-3 дәрежелі диплом

3.Филяуэр Марк-1 дәрежелі диплом

4.Есенгельдинов Амир-3 дәрежелі диплом

5.Арупжанова Наиля

6.Мырзахметов Дамир

7.Азимова Мохинур

Надырбеков Н.К:

- 2021-2022 оқу жылының бас уақытында Надырбеков Н.К. «Педагог» санатынан, «Модератор» санатына өтті.

- «Ustaz tilegi» ғылыми-әдістемелік орталығы ұйымдастырған Республикалық Тарих пәнінен ұстаздар арасындағы онлайн олимпиада 2 дәрежелі диплом Надырбеков Нурсултан Кытаевич

- КИО олимпиадасы аудан бойынша алғыс хатын 11 в сынып оқушысы Зверева София иеленді.

5-9 сынып оқушылары арасында республикалық <<Тарих ата>> қашықтық олимпиадасының жүлдегерлері 

1.Гузь Виктория -3 дәрежелі диплом

2.Ермак Милана -3 дәрежелі диплом

- 8 сынып оқушысы Бороденко Дарья - Республикалық Кіші ғылым Академиясының МОН 2 орын иеленді.




«Алматы облысы білім басқармасының Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Балтабай орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» 

коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бастауыш сынып мұғалімі Жигитекова Мақпал Молдахметовна 2021-2022 оқу жылында  Еңбекшіқазақ аудандық білім бөлімінің

«Құрмет грамотасымен» «Мадақтамасымен» марапатталды,  8- наурыз мерекесі қарсаңында мектептің «Кәсіподақ ұйымының»мадақтамасын алды.

Сондай –ақ Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты бағдарламалық мақаласын оқушылар арасында кеңінен насихаттау мақсатында өткен «ҚР 100Үздік ДарындыОқушы» республикалық байқауда   білім алушылары Сандыбек Ақжол және Байдаулет Әлихан дәрежелік орынға ие болғаны үшін «Bilim-orkenieti»

 Ұлттық ғылыми зерттеу орталығының  «Алғыс хатына» , республикалық ұстаздар арасында педагогика- психология пәндерінен ұйымдастырылған олимпиадаға қатысқанын растайтын  «Сертификатқа» ие болды. (04.01. 2021ж ) «Ustaz tilegi»ғылыми   орталығының «Алғыс хаты» (13.10.2021ж) Оқушылардыкі : Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты бағдарламалық мақаласын оқушылар арасында кеңінен насихаттау мақсатында өткен «ҚР 100Үздік Дарынды Оқушы» республикалық байқауда  білім алушылары Сандыбек Ақжол және Байдаулет Әлихан дәрежелік орынға ие болды. «Ubtest.kz» сайты математика пәнінен оқушылар арасында  өткізген олимпиадасында  белсенді қатысып, жоғарғы нәтиже көрсеткен оқушылар.

Нұрғали Ж,Бағдел П,  Сандыбек А,Серік Р, Қарлыбаев А,  қазақ тілі пәнінен Мырзалы А,Қарлыбаев А, Серік А. « www iBilim.kz» Республикалық онлайн олимпиада мен конкурс жеңімпазы Манап Маулен, «Үздік бастауыш сынып» қашықтық олимпиадасынан Мырзалы Аяжан жеңімпаз атанды.

   «2022 жылҚазақстандағы балалар жылы »аясында  Еңбекшіқазақ аудандық кітапханасының  өткізген жылдам оқу сайысында Айдынұлы Алқар 1- орын , Амантұр Айзере 2- орын алды.  «Руский медвежонок» интелектуалдық ойынан Нұрғали Ж, Смағұл Ж 1- орынға ие болды

«Алматы облысы білім басқармасының Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Балтабай орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» 

коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бастауыш сынып мұғалімі 2021-Аджанова Айна  Бейсембаевна 2021-2022 оқу жылында

Еңбекшіқазақ ауданының білім бөлімінен «Құрмет грамотасы»

Қазақстан Республикасының 30 жылдығына орай «Мәнгіліік ел жастар» қорының ұйымдастыруымен «Тәуелсіздік -тәңір сыйы» байқауына шәкірт дайындап , оның шығармашылығын шыңдай білгені үшін Алғыс хат.

"Ustaz tilegi" ғылыми-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен математика пәнінен 1- дәрежелі диплом. 

"Ustaz tilegi" ғылыми-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен қазақ тілі пәнінен 2- дәрежелі диплом. 

"Ustaz tilegi" ғылыми-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен бастауыш сынып пәнінен ұстаздар арасындағы онлайн олимпиадасы 2- дәрежелі диплом. 

"Ustaz tilegi" ғылыми-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен бастауыш сынып пәнінен  онлайн олимпиадасына шәкірт дайындап , оның білімдерін шыңдай білгені үшін Алғыс хат.



Қазақстан Республикасының 30 жылдығына орай «Мәнгіліік ел жастар» қорының ұйымдастыруымен «Тәуелсіздік -тәңір сыйы» байқауында 1- орынға ие болды :Нұрланұлы Қайсар,Салауатұлы Баяшат,Капи Жандос. 

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Балтабай орта мектебіБастауыш сынып мұғалімі Құрмаш Гүлзираның 2021-2022 оқу жылындағы жетістіктері1. Сертификат:"XXI-ғасырдағы ақпарат кеңістігінде дарынды және талантты тұлғалардың өз орнын табуы" халықаралық ғылыми практикалық онлайын конференциясына қатысқаны үшін берілді. 

2. Сертификат:"XXI-ғасырдағы мамандыққа бейімделу және олардың қызметтік өсуі" халықаралық ғылыми практикалық онлайын конференциясына қатысқаны үшін берілді. 

3. Сертификат:За участие в Международном онлайн - семинаре на тему "ПРОФЕССИОНАЛЬНОЕ ВЫГОРАНИЕ ПЕДАГОГОВ И ПУТИ ЕГО ПРЕОДОЛЕНИЯ" проходивший 21-22 ноября 2021г.4. Алғыс хат:"XXI-ғасырдағы ақпарат кеңістігінде дарынды және талантты тұлғалардың өз орнын табуы" халықаралық ғылыми практикалық онлайын конференциясына қатысқаны үшін берілді. 5. Құрмет грамотасы:Республикалық "Әль-Фараби" зияткерлік олимпиадасының жеңімпазын дайындағаны және білім саласына қосып жүрген үлесі үшін берілді.6. Алғыс хат Мектепішілік "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында шығармашылық жетістіктер үшін берілді.7. Сертификат:"Galamat" онлайын мектебінің Кәсіпкер мұғалім "ЖЫЛДАМ ОҚУҒА ДАЙЫНДЫҚ" курсы бойынша (72 сағат көлемінде) білім жетілдіргені үшін берілді.8. Сертификат:"Galamat" онлайын мектебінің Кәсіпкер мұғалім "ОҚУҒА ҮЙРЕТУ" курсы бойынша (72 сағат көлемінде) білім жетілдіргені үшін берілді.

9. Сертификат:"Galamat" онлайын мектебінің "ӘДЕМІ ЖАЗУ МАМАНЫ" курсынан өткені үшін берілді.Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Балтабай орта мектебі2 «Б» сынып білім алушыларының 2021-2022 оқу жылындағы жетістіктеріСынып жетекшісі: Г. ҚұрмашРеспубликалық "Әль-Фараби" зияткерлік олимпиадасына 14 білім алушы қатысып жүлделі орындарға ие болды. Атап айтар болсам жүлделі І орынға Молдажан Аруна, Дәулетқызы Назерке, Қадылұлы Сұлтан ие болды. Жүлделі ІІ орынға Акрамкан Рамазан, Ербосын Аяла, Әділбек Ерсін, Жұмайқызы Жайнар, Алибек Ағайша ие болды. Жүлделі ІІІ орынға Нүсіретұлы Жанарыс, Қыдырқан Мағжан, Белқожа Санжар, Айдын Үйсін, Қуаныш Нұрислам, Таласұлы Мұстафа ие болды.


Балтабай орта мектебінің 2021-2022  оқу жылындағы 4"А" сынып оқушыларының жеткен жетістіктері аз емес.Дəлірек айтқанда Дарын республикалық конкурсына бірнеше оқушы қатысып,дипломдармен марапатталды.Олар осы оқушылар:Серік Балнұр,Думарұлы Нұрбол,Ерзатқызы Інжу,Серікқанұлы  Ерболат. Мектеп ішілік "Екі жұлдыз" байқауында Шынасыл Нұрасыл 2-ші орын иеленді.Мұқағали Мақатаевтың 91жылдығына орай Демежан Дінмұхамед 1-ші орын иеленді.Біз əр баланың бойындағы қабілетін шыңдап аша білудеміз.Биылғы  оқу жылында 4"А"сынып оқушылары көптеген жетістіктерге жетті. 

«Балтабай орта мектебі» мектепке дейінгі шағын орталығымен кмм-нің ағылшын тілі пәні мұғалімі Елемес Нұркамал 2021-2022 оқу жылындағы жеткен жетістіктері.
 • Цифрлық құзіреттілікті арттыру курсынан өтті. • • •  •
 •«
Ustaz tilegi» Республикалық қашықтық олимпиадасында Елемес Нұркамал 1 дәрежелі диплом.
   •«
Ustaz tilegi» Облыстық қашықтық олимпиадасында оқушы Омар Мейіржан 1 дәрежелі диплом.
 •«
Ustaz tulegi» Облыстық қашықтық олимпиадасында оқушы Хангереив Құрбанжан1 дәрежелі диплом.
 •«
Ustaz tilegi» Облыстық қашықтық олимпиадасында оқушы Махаббат Аяла  2 дәрежелі диплом.
 •«
Ustaz tilegi»Обылыстык қашықтық олимпиадасында оқушы Серікұлы Әділхан 2  дәрежелі диплом.
 •«
Ustaz tilegi» Облыстық қашықтық олимпиадасында оқушы Аджанов Нұрболат 3 дәрежелі диплом.•«Ustaz tilegi» Облыстық қашықтық олимпиадасында оқушы Нүсірет Жанерке 3 дәрежелі диплом.•«Ustaz tilegi» Республикалық қашықтық олимпиадасында оқушыларды белсенді қатыстырғаны үшін алғыс хат Елемес Нұркамал .
 •"Озат педагог"1Республикалық қашықтық олимпиадасында 1 дәрежелі диплом Елемес Нұркамал.•"Озат педагог"1Республикалық қашықтық олимпиадасында құрмет грамотасымен Елемес Нұркамал марапатталды.• Балтабай орта мектебінде “Үздік жыл мұғалімі” атты сайысына қатысып  Елемес Нұркамал 1орынға ие болды .


«Балтабай орта мектебі» мектепке дейінгі шағын орталығымен кмм-нің ағылшын тілі пәні мұғалімі Айымбек Мадина 2021-2022 оқу жылындағы жеткен жетістіктері. 
 • 
Цифрлық құзіреттілікті арттыру курсынан өтті• • •  • Республикалық «Uchitelya» сайтында “Expessing op
 inion” атты мақала жариялады.
 
«Edulife» Республикалық қашықтық олимпиадасында оқушы Фатима Талғат 1 дәрежелі диплом.
 «Edulife» Республикалық қашықтық олимпиадасында оқушы Алуа Ілгідай  1 дәрежелі диплом.
 
«Edulife» Республикалық қашықтық олимпиадасында оқушы Рамазан Серік 1 дәрежелі диплом.
 
«Edulife» Республикалық қашықтық олимпиадасында оқушы Жомарт Смағұл 2 дәрежелі диплом.
 
«Edulife» Республикалық қашықтық олимпиадасында оқушы Аяжан Мырзалы 2  дәрежелі диплом.
  

«Ustaz tilegi» Республикалық қашықтық олимпиадасында оқушы Сандыбек Акжол 2 дәрежелі диплом.
 
«Ustaz tilegi» Республикалық қашықтық олимпиадасында оқушыларды белсенді қатыстырғаны үшін алғыс хат Дуанбек Мадина
 
«Edulife» Республикалық қашықтық олимпиадасында оқушыларды белсенді қатыстырғаны үшін алғыс хат Дуанбек Мадина
 • 
Республикалық «Ustaz tilegi» сайтында оқу әдістемелік материал жариялағаны үшін сертификат
 • Балтабай орта мектебінде “Жас келсе іске” атты жас мамандар сайысына түсіп  Дуанбек Мадина 3 орын алды.

«Балтабай орта мектебі» мектепке дейінгі шағын орталығымен кмм-нің ағылшын тілі пәні мұғалімі Мунайтбасова Асемгул 2021-2022 оқу жылындағы жеткен жетістіктері. Цифрлық құзіреттілікті арттыру курсынан өттім. Республикалық «КИО» олимпадасының 1 орын жүлдегері атандым. «Білім жолы нұрлы жол» Республикалық журналына ашық сабағым және мақалам шықты. «edulife» Республикалық қашықтық олимпиадасында оқушыларым Кәмел Ақмарал 1 дәрежелі диплом Қанатбек Ақтөре 1-дәрежелі дипломмен марапатталды. Халықаралық «Кенгуру» лингвистикалық олимпиадасында 1-дәрежелі дипломмен марапатталдым. Дарын онлайн респубикалық олимпиадасында оқушым Ертай Ақерке 1-орын алды. 


14.Бастауыш,негізгі орта және жалпы   орта білім берудің  жаңартылған мазмұны бойынша  білім алушылардың  оқу жүктемесінің  ең жоғары   көлеміне  қойылатын талаптар:

1) білім алушылардың  апталық оқу жүктемесінің  ең жоғары  көлемінің    сәйкестігі мен сақталуы

Оқу жылы

1класс

2 класс

3 класс

4 класс

2018-2019

24

25

29

29

2019-2020

24

25

29

29

2020-2021

24

25

29

29

2021-2022

22,5

24

27

27

Төрт оқу жылында 1-4 кластарда  білім   алушылардың апталық оқу   жүктемесінің  сыныптағы және сыныптан тыс (факультативті,жеке және топтық сабақтары) оқу  жұмыстарының барлық түрлерін   қоса   алғандағы ең жоғары  көлемі  орта   білім берудің (бастауыш) мемлекеттік   жалпыға міндетті  стандартына  сәйкес орындалды.

Оқу жылы

5 класс

6 класс

7 класс

8 класс

9 класс

2018-2019

32

33

34

36

38

2019-2020

32

33

34

36

38

2020-2021

32

33

34

36

38

2021-2022

31

31

34

35

36

        Төрт оқу жылында 5-9 кластарда  білім  алушылардың апталық оқу  жүктемесінің   сыныптағы және сыныптан тыс (факультативті,жеке және топтық сабақ- тары) оқу  жұмыстарының барлық түрлерін   қоса   алғандағы ең жоғары  көлемі  орта   білім берудің (негізгі орта) мемлекеттік   жалпыға міндетті  стандартына  сәйкес орындалды.


Оқу жылы

10 класс

11 класс

2018-2019

39

39

2019-2020

39

39

2020-2021

39

39

2021-2022

37

39


Төрт оқу жылында 10-11 кластарда  білім   алушылардың апталық оқу   жүктемесінің  сыныптағы және сыныптан тыс (факультативті,жеке және топтық сабақтары) оқу  жұмыстарының барлық түрлерін   қоса   алғандағы ең жоғары  көлемі  орта   білім берудің жалпы орта) мемлекеттік   жалпыға міндетті  стандартына  сәйкес.

Сыныптарды, оның ішінде инклюзивті білім беру шеңберінде ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар білім алушылардың ерекшеліктерін ескере отырып,  топтарға бөлуге қойылатын талаптарды сақтау

Қалалық жалпы орта білім беретін ұйымдарда сынып   толымдылығы 24-ке жеткенде немесе одан   асқанда,ауылдық жерлерде -20-ға жеткен кезде немесе  одан   асқанда шағын жинақты   мектептерде-білім  алушылар     10-нан кем болмаған жағдайда сыныптар топқа  бөлініп оқытылады.

2018-2019 оқу жылында бастауыш кластар бойынша  бала санының толық болуына байланысты өзін-өзі тану, орыс тілі, ағылшын тілі пәндері топқа бөліп оқытылды. 5 – 9 кластар бойынша  бала санының толық болуына байланысты орыс тілі, ағылшын тілі, дене шынықтыру, көркем еңбек, информатика пәндері топқа бөліп оқытылды. 

2019-2020 оқу жылында бастауыш кластар бойынша бала санының толық болуына байланысты өзін-өзі тану, орыс тілі, ағылшын тілі пәндері топқа бөліп оқытылды. 5 – 9 кластар бойынша  бала санының толық болуына байланысты орыс тілі, ағылшын тілі, дене шынықтыру, көркем еңбек, информатика пәндері топқа бөліп оқытылды. 

           2020-2021 оқу жылында бастауыш кластар бойынша  бала санының толық болуына байланысты өзін-өзі тану, орыс тілі, ағылшын тілі пәндері топқа бөліп оқытылды. 5 – 9 кластар бойынша  барлығы бала санының толық болуына байланысты орыс тілі, ағылшын тілі, дене шынықтыру, көркем еңбек, информатика пәндері топқа бөліп оқытылды. 

           2021-2022 оқу жылында бастауыш кластар бойынша бала саны толық болуына байланысты өзін-өзі тану, орыс тілі, ағылшын тілі пәндері топқа бөліп оқытылды. 1, 3, 4 кластар бойынша цифрлық сауаттылық пәні  бөліп жүргізіледі. 5 – 9 кластар бойынша бала санының толық болуына байланысты орыс тілі, ағылшын тілі, дене шынықтыру, көркем еңбек, информатика пәндері топқа бөліп оқытылды. 

Даму  мүмкіндігі   шектеулі балаларға   инклюзивті білім берудің  мақсатын іске асыра отырып, дамуындағы ауытқуды түзетуге және әлеуметтік бейімделуіне арнайы жағдайлар жасалды. 

15.Білім алушылардың  дайындық деңгейіне қойылатын талаптар:

1)ЖБП үлгілік  оқу бағдарламалары мен МЖМБС талаптарына  сәйкес тиісті білім беру деңгейінің  әрбір білім   беру саласы (және оқу  пәндеріне) бойынша білім алушылардың  дайындық деңгейі (оқытудан  күтілетін  нәтижелер) (білім  алушылардың қорытынды аттестаттау  хаттамаларының, сондай-ақ ЖББ ҮОЖ инвариантті компонентінің әрбір оқу пәні бойынша бір бейне материал қоса беріледі)

1-11 кластардағы   оқушылардың сапа көрсеткіші


16.Оқу мерзіміне қойылатын талаптар:

1)тиісті  деңгейдегі жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын игеру  мерзімдеріне  қойылатын талаптарды  сақтау;

Қазақстан Республикасы   Білім және ғылым министрінің  2018 жылғы 30 қазандағы  №595 бұйрығына  2-қосымша   Орта білім беру   «бастауыш,негізгі  орта және жалпы орта білім) қызметінің үлгілік қағидаларына сәйкес жүзеге асырылды.

Бастауыш білім берудің жалпы білім беретін оқу  бағдарламасын меңгеру  мерзімі -4 жыл.Оқу жылының  ұзақтығы 1сыныпта -33 оқу аптасын,2-4-сыныптарда 34 оқу аптасын құрайды.

Негізгі орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламасын меңгеру мерзімі-5 жыл.Оқу жылының ұзақтығы-34 оқу аптасы

Жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламасын  игеру мерзімі -2 жыл.Оқу жылының  ұзақтығы-34 оқу  аптасы

Оқу жылдарында оқу процесі  1қыркүйектен   бастап 25 мамырға дейін жүзеге асырылады.Оқу жылы ішінде каникулдар белгіленеді.

2)сыныптар бойынша оқу  жылының   ұзақтығына және оқу жылындағы каникул уақытының ұзақтығына  қойылатын талаптарды   сақтау

«Орта білім беру  ұйымдарында   2020-2021 оқу жылының  басталуын, ұзақтығын және  каникул кезеңдерін  айқындау   туралы» ҚР БҒМ-нің 2020 жылғы 12 тамыздағы №340  бұйрығы басшылыққа алынды.Оқу жылы 1 қыркүйекте басталды.


2018-2019

2019-2020

2020-2021

2021-2022

МАД – 32 апта

1-сынып – 33апта

2-11-сынып – 34 оқу апта

МАД – 32 апта

1-сынып – 33 апта

2-11-сынып – 34 оқу апта

МАД, 1-сынып – 33 оқу апта

2-11-сынып – 34 оқу апта

МАД, 1-сынып – 33 оқу апта

2-11-сынып – 34 оқу апта


2018-2019

2019-2020

2020-2021

2021-2022

Каникул кезеңдері:күзгі 7күн (29.10-04.11)

Қысқы 10 күн 31.12-09.01)

Көктемгі  13 күн 21.03-02.04)МАД қысқы (27.12-07.01)қосымша 04-10.02)

Каникул кезеңдері:

күзгі 7күн (28.10-03.11)

Қысқы 10 күн 30.12-08.01)

Көктемгі  13 күн 21.03-02.04)

МАД қысқы (27.12-09.01) 21.03.-04.04)қосымша

(03-09.02)7күн 

Карантиндік шектеу кезінде 13наурыздан бастап каникулға шықты.

Каникул кезеңдері:күзгі 10күн (05-14.11)

Қысқы 11 күн (31.12.-10.01)

Көктемгі 12 күн  (20-31.03)

МАД,1-сынып 7 күн (8-14.02)

Каникул кезеңдері:күзгі 7 күн (01-7.11)

Қысқы 11 күн (30.12.-09.01)

Көктемгі 12 күн  (19-30.03)

МАД,1-сынып 7 күн (7-13.02)

Орта білім беру ұйымдарында  оқу жылын бастау туралы бұйрық шығарылады.